Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
230-бап. Жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалану



Ст. 230 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң лицензияға сәйкес, өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса - 
 
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтiрген дәл сол әрекет - 
 
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...228 229 230 231 232 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 230-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы