Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 380-1 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық

1. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін олардан кек алу мақсатында олардың немесе жақындарының өміріне қолсұғушылық, яғни қазаға ұшыратуға бағытталған қасақана әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) екi немесе одан көп адамға қатысты; 

2) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан; 

3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты; 

4) аса қатыгездiкпен; 

5) басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен; 

6) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған; 

7) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен ұштасқан; 

8) бірнеше рет; 

9) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; 

10) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 16-тарау 380-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...379 380 380‑1 381 382 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 380-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V