Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
380-бап. Билiктi терiс пайдалану, билiктiң асыра қолданылуы немесе әрекетсiздiгi



Ст. 380 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын терiс пайдалануы, билiгiн немесе қызметтiк өкiлеттiгiн асыра қолдануы, сол сияқты пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке мүдделiлiкте жасаған және елеулi түрде зиян келтiрген, әскери қызметшiлердiң (азаматтардың) немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соққан билiктiң әрекетсiздiгi -  екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -  үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, 
 
3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -  бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 380-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

Статья 1 ...378 379 380 381 382 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 380-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы