Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 427 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару

Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланатын не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында түзеу мекемесiне қайтып оралмауы – 

екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамның, сондай-ақ алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған сотталған адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өздеріне қолданудан жалтаруы – 

бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 427-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...425 426 427 428 429 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 427-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V