Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 446 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу

1. Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вахта) қызметiнiң жарғылық қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет қарауыл (вахта) күзететiн объектiлерге зиян келтiруге немесе өзге де зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса, – 

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет – 

екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Статья 1 ...444 445 446 447 448 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 446-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V