Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 48 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
48-бап. Мүлiктi тәркiлеу

1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру. 

2. Тәркілеуге мынадай: 

1) заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түскен табыстарды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша мен өзге мүлiк және осы мүліктен алынған кез келген табыс; 

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлiк пен осы мүліктен алынған табыстар ішінара немесе толығымен ауыстырылған немесе айналдырылған; 

3) экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыруға немесе өзге де қамтамасыз етуге пайдаланылатын немесе арналған; 

4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын; 

5) сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген ақша және өзге де мүлiк жатады. 

3. Егер осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мүлікке кіретін белгілі бір затты тәркілеу осы затты тәркілеу туралы сот шешімі қабылданған кезде оның пайдаланылуы, сатылуы немесе өзге де себептері бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақшалай сома тәркіленуге жатады. 

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 15-бөлімінде көзделген жағдайларда мүлікті тәркілеу соттың шешімі бойынша қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде қолданылуы мүмкін. 

5. Мыналар: 

1) қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік; 

2) егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынса, "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік тәркіленуге жатпайды. 

Осы баптың бесінші бөлігі екінші тармағының ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған, жария етілген мүлікке және ақшаға қолданылмайды. 

Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 48-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V