Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы



Ст. 22 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген арнайы, оқшау немесе бірлесіп пайдалану тәртібімен беріледі.  

2. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:  

1) қысқа мерзiмдi пайдалану;  

2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.  

3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.  

4. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.  

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.


Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481