Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары



Ст. 25 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Осы баптың 2-тармағында көзделген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейді және иеліктен шығарылуға жатпайды. 

2. Қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттік меншікте болады, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. 

3. Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481