Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi



Ст. 39 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Ескерту. 39-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:  

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;  

1-1) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді; 

1-2) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;  

2-1) бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;  

3) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;  

4) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолданады; 

5) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 

6) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7-1) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;  

7-2) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;  

8) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;  

9) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді;  

10) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;  

11) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі; 

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 N 180-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...37-1 38 39 39-1 40 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481