Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi



Ст. 48 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:  

шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;  

су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.  

2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.  

3. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:  

1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;  

2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;  

3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;  

4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;  

5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;  

6) барлық жеке және заңды тұлғалардың, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлерін сақтауын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.  

4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.  

Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...46 47 48 49 49-1 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 48-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481