Ст. 47 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ
КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
47-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің жалпы ережелері
1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) бәсекелес ортаны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру;
3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
4) оңтайландыру.
2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау;
2) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізділігі мен тиімділігі;
4) бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша процестердің үздіксіздігі және тұтастығы, сондай-ақ оған байланысты оңтайландыру.
3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімдері негізінде жыл сайынғы негізде осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру:
1) аутсорсинг;
2) мемлекеттік тапсырма;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;
4) пайдаланушылар есебінен беру;
5) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың аутсорсингті, мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру арқылы берілетін функциялары ішінара беруге жатады. Бұл ретте функция орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып тасталмайды.
6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын іріктеу орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігі;
2) нарықтың дайындығы немесе бәсекелес ортаның болуы;
3) нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі.
8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және оларды беру мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларды бәсекелес ортаға беруге тыйым салынады.
9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары іріктелгеннен кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының құнын айқындау әдістемесіне сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының құнын есептеу жүзеге асырылады.
10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру нысанасына есептеу жүргізіледі. Бұл ретте орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын қайта бөлуге оларға қосымша функциялар жүктелген жағдайларда ғана жол беріледі.
11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын жүзеге асыру үшін нарықтың дайындығын талдау орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
12. Мониторинг осы Кодекстің 53-бабына сәйкес жүргізіледі.
13. Пайдаланушылар мен бәсекелес ортаны ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурстарында мынадай мәліметтер орналастырылады және кейіннен жаңартылады:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесі;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының қандай нормативтік құқықтық актімен берілгені көрсетілген тізілім;
3) Комиссияның шешімі, мониторинг нәтижелері және мониторинг қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қайтарылған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының қандай нормативтік құқықтық актімен қайтарылғаны көрсетілген тізбесі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей