Ст. 66 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ
КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
66-бап. Әкімшілік рәсімдегі хабарлама (хабархат)
1. Әкiмшiлiк рәсімге қатысушы тыңдау немесе әкiмшiлiк рәсiмдi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де іс-шаралар өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабардар етiледi. 2. Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
3. Егер әкімшілік рәсімге қатысушы көрсетілген мекенжайда іс жүзінде тұрмаса, хабарламалар (хабархаттар) заңды мекенжай бойынша немесе оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Заңды тұлғаға арналған хабарламалар (хабархаттар) оның орналасқан жері бойынша жіберіледі.
4. Әкімшілік рәсімге қатысушы өзі көрсеткен тұрғылықты жері (орналасқан жері) жұмыс орны мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп есептелетіндігімен танысқандығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
5. Әкiмшiлiк рәсімге қатысушы хабарламаны (хабархатты) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін немесе табыс ететін адам хабарламаға (хабархатқа) тиiстi белгі жасайды, ол әкiмшiлiк органға, лауазымды адамға қайтарылады.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей