< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 105-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
105-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

1. Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану, оның ішінде басқа, бюджетті атқаруға байланысты қызметтің тиімділігін арттыру, бюджетті атқару кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болғызбау, олардың жолын кесу, оларды анықтау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді. 

Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша мемлекеттік аудиторларды және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді. 

3. Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру жөніндегі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және іске асыруға мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының беймәлімділігімен сипатталатын кәсіпкерлік жоғары тәуекел мен салынған қаржылық және өзге де ресустардың жоғалулары ескеріле отырып, ұзақ мерзімді перспективада осындай венчурлік қорлар активтерінің (бүкіл портфелінің) кірістілігі (залалдылығы) негізінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 18-тарау 105-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-тарау. БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ
Статья 1 ...104‑1 105 105‑1 106 107 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться