Ст. 106 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
106-бап. Бірыңғай қазынашылық шот, қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және мемлекеттік мекемелердің шоттары
1. Бірыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютамен ашылады.
Бірыңғай қазынашылық шот Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік қазынашылыққа ашылады.
Бірыңғай қазынашылық шотта қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтары қамтылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін мемлекеттік қазынашылыққа Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады.
3. Мемлекеттік қазынашылықта:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке жатқызуға және республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемдер жүргізуге;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдерді есепке жатқызуға және олар бойынша төлемдер жүргізуге (ақылы көрсетілетін қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке жатқызуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударуға (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер алатын, оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) туып-өскен жеріне қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін түсімдерді есепке жатқызуға және ақшаны жұмсауға (қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір талаптар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақша түсімдерін есепке жатқызуға (ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
6) бюджет қаражатын есепке жатқызуға және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдалануға (нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
7) тікелей инвестициялар қорлары және (немесе) венчурлік қорлар арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға тиісті қаржы жылына көзделген қаражатты есепке жатқызуға және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға не мемлекеттік тапсырманы орындауға пайдалануға (квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнаулы шотынан ұлттық валютаға қайта айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын есепке жатқызуға және жұмсауға (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
9) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған трансферттерді және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аударған қаражатты есепке жатқызуға және оларды жұмсауға (әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
10) қаражатты есепке жатқызуға және оларды қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің пайдалануына (мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
11) бюджет қаражатын есепке жатқызуға және оларды қаржылық қолдауды жүзеге асыруға пайдалануға (қаржылық қолдау операторының қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына жіберілетін түсімдерді есепке жатқызуға және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақы төлемін жүргізуге (Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
13) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды жұмсауға (Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
14) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қордың ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды жұмсауға (тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
15) бюджет қаражатын есепке жатқызуға және оларды пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыруға пайдалануына (пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
16) бюджет қаражатын есепке жатқызуға және оларды дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыруға дербес білім беру ұйымдарының жұмсауына (дербес білім беру ұйымдарының қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
17) мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың қаражатын мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың шарттарына сәйкес есепке жатқызуға және жұмсауға (мемлекеттік емес қарыздардың қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
18) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған қаражатты есепке жатқызуға және қарыз алушылардың жұмсауына (ұлттық валютамен қызмет көрсетудің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
19) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыз қаражатын есепке жатқызуға және жұмсауға (ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
20) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есепке жатқызуға және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттарға аударуға (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
21) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бюджеттік инвестициялық жобаны бюджеттік кредиттеуге, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты есепке жатқызуға және жұмсауға (бюджеттік кредиттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
22) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің электрондық әмиянынан ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оны мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есепке жатқызуына және (немесе) аударуына (мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ашылады.
4. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер және (немесе) жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.
Қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.
Ақшаны бір мемлекеттік мекеменің кодынан екінші мемлекеттік мекеменің кодына аударуға жол берілмейді.
5. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
6. Мемлекеттік мекемелердің осы Кодексте белгіленген төлемдерді жүзеге асыру және операцияларды жүргізу үшін мынадай шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша мемлекеттік қазынашылық ашатын шетел валютасындағы шот;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шартта айтылған немесе байланысты гранттар бойынша шетел валютасында ашылатын, екінші деңгейдегі банкте немесе мемлекеттік қазынашылықта үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнаулы шоты;
3) төлемдерді ұлттық (шетелдік) валютамен жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте немесе мемлекеттік қазынашылықта ашылатын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың шотына арналған шот;
4) мемлекеттік қазынашылықта шетел валютасымен ашылатын, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шотына арналған шот;
5) қарыз алушылар үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қайтаратын ақшаны есепке жатқызу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшасын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін сыртқы саяси қызметті немесе Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкілді органын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шот;
7) банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, екінші деңгейдегі банктегі қолма-қол ақша алуға арналған ағымдағы шот.
Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген, оның ішінде үшінші тұлғалардың атына шоттар ашуына жол берілмейді.
Мемлекеттік қазынашылықта мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мынадай шоттары болуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке жатқызу және қарыз алушының жұмсауы үшін мемлекеттік қазынашылықта валюта түрлері бойынша ашылатын, шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоты;
2) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі операцияларды жүргізуі үшін мемлекеттік қазынашылықта валюта түрлері бойынша ашылатын, шетел валютасындағы қызмет көрсету шоты.
8. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей