< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 58 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті

1. Республикалық бюджеттік комиссияның, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттік комиссияларының құзыретіне мыналар кіреді: 

1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының басым мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау; 

3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау; 

4) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

5) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

6) бюджеттерді нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

7) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

8) бюджеттерді түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

8-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және мәселелерді қарау; 

9) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер. 

2. Ведомстволық бюджеттік комиссиялардың құзыретіне мыналар кіреді: 

1) мемлекеттік органның даму жоспарының жобасы немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау; 

2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі және оған есеп-қисаптар бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

3) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

4) осы Кодексте, сондай-ақ ведомстволық бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер. 

Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...56‑1 57 58 59 60 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться