Ст. 58 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
58-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері
1. Мыналар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есепке жатқызылатын салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға мыналар жатады:
корпоративтік табыс салығы;
шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
үстеме пайда салығы;
бонустар;
пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
экспортқа рента салығы;
Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу бойынша үлесі;
жер қойнауын пайдалануға балама салық;
өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі.
Осы тармақшаның ережесі салықтық тексерулер нәтижелері бойынша тікелей салықтар түсімдеріне қолданылмайды;
2) мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есепке жатқызылатын түсімдерді қоспағанда), оның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есепке жатқызылатын түсімдерді қоспағанда);
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден;
4) республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
5) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдерден;
6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның активтерді сатуынан түсетін түсімдерден;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеуден түсетін түсімдерден тұрады.
3. Мыналар мұнай секторының ұйымдарына жатады:
1) шикі мұнай, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
3) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы.
Келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен мен жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын құзыретті органмен бірлесіп, ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бекітіледі.
4. Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады.
5. Мұнай секторының ұйымдарына шығындарды өтеу шартымен іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыру мақсатында құқықтық актілерді қабылдауға тыйым салынады.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 74-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері және оларды айқындау тәртібі ҚР Бюджет кодексi 92-бап. Өкілді органдардың республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын немесе облыст... ҚР Бюджет кодексi 80-бап. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі ҚР Бюджет кодексi 57-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы жалпы ережелер ҚР Бюджет кодексi 48-бап. Бюджеттік қағидалар жүйесіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей