< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 80 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
80-бап. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі

1. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң немесе мәслихаттың шешімі аяқталатын жылы басталады. 

2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі негізінде есептеледі. 

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес әзірленетін үлгілік әдістеме негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен есептеледі. 

3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемінде өңірдің кіріс әлеуеті ескеріледі. 

Өңірдің кіріс әлеуеті – үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу кезінде өңірдің кірістерін айқындау үшін есептелетін, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ең жоғары ықтимал сомасы; 

Кірістердің болжамды көлемдеріне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымы жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған меморандумдар бойынша сомалар бөлек қоса беріледі. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер орталық салалық уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұсынатын есептік деректер негізінде қалыптастырылады. 

4. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемдері осы Кодекстің 43-бабына сәйкес шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады. 

Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерінде нысаналы трансферттер, жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындар, бюджеттік кредиттер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, имидждік шығыстар, гранттар, зерттеулер, консалтингтік көрсетілетін қызметтер, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар ескерілмейді. 

Осы Кодекстің 84-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілетін мониторингтеу нәтижелері ескеріле отырып айқындалатын бюджеттік алып қою болжанатын және тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлеміне қосымша көрсеткішті қолдануға жол беріледі. 

Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеу және өңірдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың болжамды саны ескеріле отырып есептеледі. 

Жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдері тиісті орталық салалық мемлекеттік органдар жергілікті атқарушы органдармен, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейтін және бекітетін, оларды қаржыландырудың салалық әдістемелеріне сәйкес есептеледі және осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесіне сәйкес абсолюттік сомалармен жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттердің көлемдеріне енгізіледі. 

Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген салалық әдістемелерді әзірлеу кезінде: 

осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағында және 84-бабының 3-тармағында көзделген, ең төмен стандарттар және елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі; 

осы Кодекстің 37-бабы 5 және 6-тармақтарының, 148-бабы 8-тармағының, 149-бабы 3-тармағының талаптары; 

Қазақстан Республикасының салалық заңнамасына сәйкес басқа да талаптар ескеріледі. 

5. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы баптың 2-тармағында айқындалған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептелген жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады. 

6. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі жылдың 1 ақпанында басталады және онда: 

1) осы баптың 3-тармағына сәйкес: 

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер; 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының аудандар (облыстық маңызы бар қалалар); 

бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдерін айқындауы; 

2) осы баптың 4-тармағына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарымен бірлесіп, жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер шығындарының болжамды көлемдерін айқындауы; 

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы шешімі аяқталатын жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттер бойынша жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруы қамтылады. 

Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің болжамды көлемдері осы Кодекстің 75-бабы 18-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдеріне енгізу туралы шешім қабылдау үшін алдыңғы қаржы жылдарына нысаналы трансферттер, оның ішінде кезекті үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде жергілікті бюджеттердің шығындарына енгізілгендері есебінен қаржыландырылған шығыстарға олардың жүргізіліп жатқан салалық саясатқа сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде талдау жүргізіле отырып, тиісті орталық салалық мемлекеттік органдармен – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) жоғары тұрған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп айқындалады; 

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттер бойынша жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері жөніндегі ұсыныстарды жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізуі; 

5) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындауы және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде есепке алу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуы; 

6) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде ескерілген және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар, алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жеткізуі; 

7) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындауы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жеткізуі; 

8) жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын қалыптастыру қамтылады. 

7. Орталық салалық мемлекеттік органның бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...172
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться