< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 181 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Экологиялық кодексi
181-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың жариялылығы

1. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.  

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ресми интернет-ресурста: 

1) мемлекеттік экологиялық бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын сақтау деңгейі мен деңгейінің өзгеруі туралы талдамалық есептердің; 

2) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жылдық есептіліктің; 

3) І және ІІ санаттағы объектілерде анықталған Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері, мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісін тиісті әкімшілік, қылмыстық және (немесе) азаматтық-құқықтық жауаптылыққа тарту туралы, оның ішінде І және ІІ санаттағы объектілерге қатысты қолданылған жазалар туралы, сондай-ақ нұсқамаларды шығару мен орындау туралы ақпараттың;  

4) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын жүйелі түрде бұзатын кәсіпорындар тізбесінің жариялануын қамтамасыз етеді. 

Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа, егер мемлекеттік экологиялық бақылау субъектілерінің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның тиісті актісіне (шешіміне) сотқа шағым жасау мерзімі өтпеген немесе мұндай субъектілер мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның актілеріне (шешімдеріне) соттың тиісті шешімі күшіне енгенге дейін шағым жасаған жағдайларда, мұндай мемлекеттік экологиялық бақылау субъектілері және олар жол берген Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді. 

3. I және II санаттағы объектілердің операторлары тиісті сот актісінің немесе әкімшілік актінің негізінде өздерінің Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзу фактілері, өздеріне қолданылған жазалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою бойынша қабылданған және белгіленетін шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарында өз есебінен орналастыруға міндетті. 

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес интернет-ресурстарда орналастырылатын ақпарат кемінде күнтізбелік бір жыл ашық қолжетімділікте болуға тиіс. 

13-тарау. ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Статья 1 ...179 180 181 182 183 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться