Ст. 418 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
418-бап. Өтпелі ережелер
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 2024 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.
Сапаның экологиялық нормативтері бекітілгенге дейін тиісті қатынастарды реттеу кезінде сапаның экологиялық нормативтерінің орнына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен гигиеналық нормативтер, сондай-ақ табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының табиғи ресурстардың тиісті түрі жөніндегі заңнамасына (Қазақстан Республикасының су, орман, жер заңнамасына, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына) сәйкес белгіленген болса, осындай нормативтер қолданылады.
2. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары олардың қолданылу мерзімі ішінде өз күшін сақтайды. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қолданыстағы оң қорытындылары бар белгіленіп отырған қызмет жобаларына қатысты осы Кодекстің ережелеріне сәйкес қоршаған ортаға әсер етуді бағалау немесе белгіленіп отырған қызметке әсер ету скринингін жүргізу талап етілмейді.
2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің операторы осындай кешенді экологиялық рұқсаттың берілуіне негіз болған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында белгіленген, ластағыш заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін, қалдықтарды орналастыру нормативтерін түзетуді осы Кодекске сәйкес эмиссиялар нормативтерінің жобасын, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасын әзірлеу арқылы жүзеге асыруға құқылы. Осындай эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалары осы Кодекстің 87-бабының мақсаты үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектілері болып табылады. Осындай жобалар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы беріледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жобалау құжаттарында негізделетін шығарындылардың, төгінділердің және қалдықтарды көмудің жалпы жылдық лимиттері 2021 жылғы 1 шілдеге дейін кешенді экологиялық рұқсаттың берілуіне негіз болған мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында белгіленген тиісті жалпы жылдық нормативтерден (лимиттерден) аспауға тиіс.
3. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.
Осы Кодекстің талаптарына сәйкес өтініштің нысанын, оны қарау және объектінің санатын айқындау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Осы Кодекстің кешенді экологиялық рұқсаттың міндетті болуы туралы талаптары 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген І санаттағы объектілерге және 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жобалары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы берілген, пайдалануға берілмеген І санаттағы объектілерге қолданылмайды.
Осы Кодекске сәйкес кешенді экологиялық рұқсатты ерікті түрде алу жағдайларын, сондай-ақ осы тармақтың үшінші бөлігінде, осы баптың 5 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген I санаттағы объектілерге қатысты әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың болуы міндетті болып табылады. I санаттағы осындай объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар беруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жобаларында 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы жоқ, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген объектілерді реконструкциялау белгіленіп отырған жағдайда, оларға кешенді экологиялық рұқсат алу міндетті болып табылады. І санаттағы объектіні реконструкциялау деп объектіні кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу арқылы оның мақсатын, техникалық және технологиялық сипаттамаларын немесе пайдалану шарттарын елеулі өзгерту түсініледі.
5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттар, оның ішінде соларда көрсетілген технологиялық үлестік нормативтер, қолданылуының тиісті салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларға сәйкес болған жағдайда, 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін күшін сақтайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ең үздік қолжетімді техникаларды қолданудың қолданыстағы салалары бойынша қажетті білімі мен тәжірибесі бар ішкі және сыртқы сарапшыларды тарта отырып, экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттардың шарттары бойынша ең үздік қолжетімді технологияларді енгізу бағдарламаларын толық іске асыру қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелердің ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларға сәйкестігіне бағалауды жүзеге асырады. Осындай бағалау нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылуының тиісті салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды шығарады. Мұндай қорытынды шығарылғанынан кейін бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылуының тиісті салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларға сәйкес еместігі туралы қорытынды шығарған күннен бастап алты ай ішінде I санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен осындай кешенді экологиялық рұқсатқа мерзімі алты жылдан аспайтын бағдарламадағы өзгерістерді келіседі.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі бюро функцияларын жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ең үздік қолжетімді техникаларды қолданудың барлық саласы бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерін пайдалана отырып, сарқынды суларды тазартуға немесе басым түрде елді мекендерді энергиямен жабдықтау мақсатында жылу және (немесе) электр энергиясын өндіруге арналған, жұмыс істеп тұрған I санаттағы объектілерге қатысты ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтарды әзірлеу кезінде осындай объектілердің техникалық және технологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көрсетілген I санаттағы объектілерде енгізу үшін ең үздік қолжетімді техникалардың техникалық және экономикалық қолжетімділігін негіздейтін экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қосымша ескерілуге тиіс.
7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 2023 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей қолданылуының барлық саласы бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларды бекітуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларды бекіткенге дейін объектілердің операторлары кешенді экологиялық рұқсат алған және технологиялық нормативтерді негіздеген кезде Қоршаған ортаның ластануын кешенді бақылау және болғызбау жөніндегі Еуропа бюросы шеңберінде әзірленген, қолдануының тиісті салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтарға, сондай-ақ қолданылуының тиісті салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларды бекіту туралы Еуропа комиссиясының шешімдеріне сілтеме жасауға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген кешенді экологиялық рұқсаттар оларда белгіленген технологиялық нормативтер қолдануының тиісті салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі бекітілген қорытындыларда белгіленген ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келген жағдайда жарамды болады және қолданылу мерзімі ішінде өз күшін сақтайды.
8. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап І немесе II санаттағы объектілерге жатқызылған объектілерде қызметін жүзеге асыратын операторлар 2021 жылғы 1 шілдеге дейін алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар, эмиссиялар нормативтері (бұдан әрі – рұқсаттар мен құжаттар) осындай рұқсаттар мен құжаттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін не осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алынған күнге дейін қолданылады.
9. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және осы баптың 3-тармағына сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап III санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
10. Осы баптың 3-тармағына сәйкес:
IІІ санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың, эмиссиялар нормативтерінің қолданысы – осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация берілген күннен бастап тоқтатылады;
IV санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың, эмиссиялар нормативтерінің қолданысы – 2021 жылғы 1 шілдеге бастап тоқтатылады.
11. Стационарлық көздің және (немесе) жұмыс істеп тұрған I санаттағы объектіде орналасқан стационарлық көздер жиынтығының осы Кодекске сәйкес кешенді экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерін (мемлекет қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін енгізген кезде) және (немесе) технологиялық нормативтерді сақтауы мүмкін болмаған кезде кешенді экологиялық рұқсатқа қосымша ретінде он жылдан аспайтын мерзімге экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы келісіледі. Осындай I санаттағы объектіге қатысты экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындау кезеңіне кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш берілген күнге қолданыста болатын экологиялық рұқсатқа және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына (ол болған кезде) сәйкес эмиссиялар нормативтері қолданылады. Осы Кодекстің 119-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда мұндай эмиссиялар нормативтері экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасында көзделген қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңімен төмендету көрсеткіштері ескеріле отырып қолданылады. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді кезең-кезеңімен төмендетудің әрбір тиісті көрсеткішіне қол жеткізілгеннен кейін мұндай көрсеткіш оператор үшін міндетті норматив болады.
Стационарлық көздің және (немесе) жұмыс істеп тұрған I немесе II санаттағы объектіде орналасқан стационарлық көздер жиынтығының осы Кодекске сәйкес әсер етуге арналған экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерін (мемлекет қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін енгізген кезде) сақтауы мүмкін болмаған кезде әсер етуге арналған экологиялық рұқсатқа қосымша ретінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары келісіледі. Осындай объектіге қатысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау кезеңіне әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш берілген күнге қолданыста болатын экологиялық рұқсатқа және мемлекеттік экологиялық сараптаманың (ол болған кезде) қорытындысына сәйкес эмиссиялар нормативтері қолданылады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының қолданылу кезеңінде объектінің операторы қол жеткізуге тиіс қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендету көрсеткіштері және осындай көрсеткіштерге кезең-кезеңімен қол жеткізу графигі қамтылуға тиіс. Қоршаған ортаға теріс әсер етуді кезең-кезеңімен төмендетудің әрбір тиісті көрсеткішіне қол жеткізілгеннен кейін мұндай көрсеткіш оператор үшін міндетті норматив болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мерзімі әсер етуге экологиялық рұқсат беру мерзіміне сәйкес келуге тиіс және ұзартылуға жатпайды.
Осы Кодекске сәйкес кешенді экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерін және (немесе) технологиялық нормативтерді сақтау тиісті эмиссиялар нормативтеріне, технологиялық нормативтерге қол жеткізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап жұмыс істеп тұрған I санаттағы объектінің операторы үшін міндетті болады.
Осы Кодекске сәйкес әсер етуге арналған экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерін сақтау тиісті эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап оператор үшін міндетті болады.
Осы бапта жұмыс істеп тұрған объектілер деп осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген объектілер түсініледі.
12. Тиісті экологиялық рұқсатқа қосымша болып табылатын бекітілген графикке сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап I санаттағы объектілер үшін – он жыл немесе II санаттағы объектілер үшін үш жыл ішінде пайдаланудан түпкілікті шығарылуға жататын I немесе II санаттағы объектілерге қатысты 2021 жылғы 1 шілдеге қолданыста болатын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа сәйкес эмиссиялар нормативтері қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес І немесе II санаттағы объектілерді пайдаланудан шығару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларына эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды енгізу және экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу талап етілмейді.
13. Осы Кодекстің 22-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының мақсаттары үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 2024 жылғы 1 шілдеден кешіктірілмейтін мерзімде тиісті нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды, оның ішінде ауыр металдар мен жойылуы қиын органикалық ластағыштардың эмиссияларын есептеу әдістемесін бекітеді.
14. Осы Кодекстің міндетті стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізуге қатысты ережелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15. Жұмыс істеп тұрған І санаттағы объектілерге қатысты осы Кодекстің 147-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген мерзімдер 2021 жылғы 1 шілдеден басталады.
16. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілерге қатысты осы Кодекстің эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесінің міндетті болуы туралы талабы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
17. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары берілген металлургиялық бөліністің қалдықтарын көмудің жұмыс істеп тұрған полигондарына қатысты осы Кодекстің 353-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарын полигон шекарасынан тұрғын және рекреациялық аймақтарға, су объектілеріне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге және елді мекендерге дейінгі қашықтықты, жерасты, жерүсті суларының және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің болуын ескеру бөлігінде қолдану 2036 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады.
2021 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары берілген тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинап қоюдың жұмыс істеп тұрған объектілеріне, металлургиялық бөліністің қалдықтарын жинақтау орындары мен көму полигондарына қатысты осы Кодекстің 238-бабы 5-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарын елді мекендерде орналастыруға тыйым салу, су объектілері мен олардың су қорғау аймақтарына, ызасудың тұру деңгейіне қатысты орналастыру, сүзуі әлсіз топырақтың, жергілікті жерде беткейдің және инженерлік сүзуге қарсы қорғаудың болуы бөлігінде қолдану 2036 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген қалдықтардың полигондары мен жинап қою объектілерін реконструкциялауға (кеңейтуге) қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізілгеннен, экологиялық рұқсат алынғаннан (кешенді экологиялық рұқсат болған кезде – оны қайта қарағаннан) кейін және оператордың қоршаған ортаға әсер етуге мониторинг жүргізу туралы міндеттемесі ескеріле отырып, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету анықталған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен осындай әсер етуді болғызбау мақсатында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қосымша шаралар келісілгеннен кейін жол беріледі.
18. 2021 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңге арналған көміртегі бюджеті 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін әзірленеді және бекітіледі.
2022 – 2025 жылдар аралығындағы кезең 2021 жылғы 1 шілдеден кейін бекітілетін алғашқы Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарының кезеңі болып табылады.
19. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері осы Кодекстің 336-бабының 1-тармағына сәйкес лицензияны 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін алуға міндетті.
20. Осы Кодекстің 319-бабының 5-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін Алматы және Астана қалаларының аумағында ғана қолданылады деп белгіленсін.
Ескерту. 418-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ
2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Экология кодексіне 2-қосымша |
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І, ІІ, немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
1-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
1. Энергетика:
1.1. газды қоспағанда, жалпы номиналды жылу қуаттылығы 50 мегаватт (МВт) немесе одан көп болатын станцияларда отынды жағу;
1.2. газбен жұмыс істейтін, қуаттылығы 500 мегаватт (МВт) энергия өндіретін станциялар;
1.3. көмірсутектерді барлау және өндіру, көмірсутектерді қайта өңдеу;
1.4. кокс өндіру;
1.5. газдандыру немесе сұйылту, олар:
1.5.1. көмір;
1.5.2. жалпы номиналды жылу қуаттылығы 20 мегаватт (МВт) және одан көп болатын қондырғылардағы отынның басқа да түрлері.
2. Металдарды өндіру және өңдеу:
2.1. металл кенін (сульфидті кенді қоса алғанда) күйдіру немесе қақтау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2.2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2.2. өнімділігі сағатына 2,5 тоннадан асатын, үздіксіз құюды қоса алғанда, шойын немесе болат өндіру (бастапқы немесе қайталама балқыту);
2.3. қара металдарды өңдеу:
2.3.1. өнімділігі сағатына 20 тонна шикі болаттан асатын, ыстықтай илемдейтін орнақтарды пайдалану;
2.3.2. тұтынылатын жылу қуаттылығы 20 мегаваттан (МВт) асатын, бір балғаға энергия қуаттылығы 50 килоджоулдан (кДж) асатын ұста балғаларды пайдалану;
2.3.3. сағатына 2 тоннадан асатын, шикі болат бере отырып, қорғаныш бүркілген металл жабындарды жағу;
2.4. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан асатын қара металдарды құю;
2.5. түсті металдарды өндіру және қайта өңдеу:
2.5.1. металлургиялық, химиялық немесе электролиттік процестер арқылы кеннен, концентраттардан немесе қайталама шикізат материалдарынан қышқылсызданбаған түсті металдарды өндіру;
2.5.2. түсті металдарды, оның ішінде рекуперацияланған өнімдерді легирлеуді қоса алғанда, қорыту және балқыту қуаттылығы:
қорғасын және кадмий үшін – тәулігіне 4 тоннадан;
барлық басқа да түсті металдар үшін – тәулігіне 20 тоннадан асатын түсті металдардың құю кәсіпорындарын пайдалану;
2.6. технологиялық ванналарда жиынтық көлемі 30 м3 және одан көп болатын, электролиттік немесе химиялық процестерді пайдалана отырып, металдар және пластикалық материалдарды беткі өңдеу.
3. Минералдық өнеркәсіп:
3.1. кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру және байыту;
3.2. цемент, әк және магний оксидін өндіру:
3.2.1. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 500 тоннадан асатын айналмалы пештерде немесе өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан асатын басқа да пештерде цемент клинкерін өндіру;
3.2.2. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан асатын пештерде әк өндіру;
3.2.3. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан асатын пештерде магний оксидін өндіру;
3.3. асбест өндіру немесе асбест негізіндегі өнімдерді өндіру;
3.4. шыны талшығын қоса алғанда, балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан көп болатын шыны өндіру;
3.5. балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан асатын, минералдық талшықтар өндіруді қоса алғанда, минералдық заттарды балқыту;
3.6. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан асатын және (немесе) күйдіру пештерінің қуаттылығы 4 м3 асатын және күйдіру пешіне салу тығыздығы 300 кг/м3 асатын, қыш бұйымдарды, атап айтқанда, шатыр жабынқышын, кірпішті, отқа төзімді кірпішті, қыш плитканы, тас қышты немесе фарфорды күйдіру арқылы өндіру.
4. Химия өнеркәсібі:
4.1. органикалық химиялық заттарды өнеркәсіптік өндіру, олар:
қарапайым көмірсутектер (желілік немесе циклдік, қаныққан немесе қанықпаған, алифаттық немесе хош иісті);
құрамында оттегі бар көмірсутектер: спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, асқын тотықтар, эпоксидті шайырлар;
күкіртті көмірсутектер;
азот көмірсутектері: аминдер, амидтер, азот қосылыстары, нитро қосылыстар немесе нитратты қосылыстар, нитрилдер, цианаттар, изоцианаттар;
құрамында фосфор бар көмірсутектер;
галогенделген көмірсутектер;
органометалды қосылыстар;
негізгі пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық талшықтар мен целлюлоза негізіндегі талшықтар);
синтетикалық каучук;
бояулар мен пигменттер;
беткі-белсенді заттар;
4.2. органикалық емес заттарды өнеркәсіптік өндіру, олар:
газдар: аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көмiртегі оксидтері, күкiрт қосылыстары, азот оксидтері, сутегі, күкiрт диоксиді, көмiртегінің хлор тотығы;
қышқылдар: хром қышқылы, фторлы сутек қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, хлорлы сутек қышқылы, күкiрт қышқылы, олеум, күкiртті қышқыл;
сiлтiлер: аммоний гидрототығы, калий гидрототығы, натрий гидрототығы;
тұздар: хлорлы аммоний, хлор қышқылды калий, көмiрқышқылды калий, көмiрқышқылды натрий, перборат, азотқышқылды күмiс;
бейметалдар, металл оксидтері немесе басқа органикалық емес қосылыстар: кальций карбиді, кремний, кремний карбиді;
4.3. фосфор, азот немесе калий минералдық тыңайтқыштарын (қарапайым немесе күрделі тыңайтқыштарды) өнеркәсіптік өндіру;
4.4. пестицидтер мен биоцидтерді өнеркәсіптік өндіру;
4.5. фармацевтикалық калий тұздарын (хлорлы, күкірт қышқылды, сақар) өндіруді қоспағанда, фармацевтикалық өнімдерді өнеркәсіптік өндіру;
4.6. жарылғыш заттарды өнеркәсіптік өндіру.
5. Тамақ өнеркәсібі:
5.1. өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан көп болатын қасапханаларды пайдалану;
5.2. бұрын өңделген немесе өңделмеген:
5.2.1. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан көп болатын мал шикізатынан ғана (тек сүттен басқа);
5.2.2. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 300 тоннадан көп немесе қондырғы кез келген жылда қатарынан 90 тәуліктен асырмай жұмыс істегенде тәулігіне 600 тоннадан көп болатын өсімдік шикізатынан ғана;
5.2.3. егер "А" 10-ға тең және одан көп болса, дайын өнімді өндіру қуаттылығы тәулігіне тоннамен есептегенде 75-тен асатын не егер А 10-нан кем болса, мынадай формула бойынша айқындалатын: 300 – (22,5 × "A"),
мұндағы "А" дайын өнім өндірудегі жануар материалының үлесі (салмақтағы пайызбен) болатын құрама өнімдер түрінде де және бөлек өнімдер түрінде де жануардан және өсімдіктен алынған шикізаттан тамақ өнімдерін немесе жемшөп өндіруге арналған шикізатты, тек қана қаптаудан басқа, өңдеу және қайта өңдеу.
Қаптама өнімнің түпкі салмағына қосылмауға тиіс.
Егер шикізат ретінде сүт қана пайдаланылса, 5.2-тармақтың 5.2.3-тармақшасы қолданылмайды;
5.3. алынатын сүт көлемі тәулігіне 200 тоннадан асқанда сүтті өңдеу және қайта өңдеу ғана (бір жылдағы орташа мән);
6. Қалдықтарды басқару:
6.1. өнімділігі тәулігіне 10 тоннадан асатын, мынадай операциялардың бірін немесе бірнешеуін қамтитын, қауіпті қалдықтарды жою және (немесе) қалпына келтіру:
6.1.1. қалдықтарды биологиялық өңдеу;
6.1.2. қалдықтарды физикалық-химиялық өңдеу;
6.1.3. 6.1 және 6.2-тармақтардан қызметтің басқа түріне бергенге дейін қалдықтарды араластыру;
6.1.4. 6.1 және 6.2-тармақтарда көрсетілген қызмет түріне беру алдында қайта қаптау;
6.1.5. еріткіштерді регенерациялау;
6.1.6. металдардан немесе олардың қосылыстарынан басқа, органикалық емес материалдарды рециркуляциялау (регенерациялау);
6.1.7. қышқылдарды немесе негіздерді регенерациялау;
6.1.8. ластануға қарсы күресу үшін пайдаланылатын құрамдастарды қалпына келтіру;
6.1.9. катализаторлардан құрамдастарды алу;
6.1.10. майларды қайта өңдеу немесе майларды қайта пайдаланудың басқа да түрлері;
6.1.11. беткі тоғандарға орналастыру;
6.2. қоқыс өртейтін зауыттарда немесе:
6.2.1. өнімділігі сағатына 3 тоннадан асатын қауіпті емес қалдықтарға арналған;
6.2.2. өнімділігі тәулігіне 10 тоннадан асатын қауіпті қалдықтарға арналған қалдықтарды бірге өртеу қондырғыларында қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру;
6.3. өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан асатын, мынадай операциялардың бірін немесе бірнешеуін қамтитын, қауіпті емес қалдықтарды жою:
6.3.1. қалдықтарды биологиялық өңдеу;
6.3.2. қалдықтарды физикалық-химиялық өңдеу;
6.3.3. кейіннен өртеу үшін қалдықтарды алдын ала өңдеу;
6.3.4. шлактар мен күлді өңдеу;
6.3.5. металл қалдықтарын, оның ішінде электрлік және электрондық жабдықтар қалдықтарын, сондай-ақ пайдалану мерзімі өткен көлік құралдарын және олардың құрамдастарын ұсақтағыштарда өңдеу.
6.4. өнімділігі тәулігіне 75 тоннадан асатын, мынадай операцияладың бірін немесе бірнешеуін қамтитын, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою:
6.4.1. қалдықтарды биологиялық өңдеу;
6.4.2. кейіннен өртеу үшін қалдықтарды алдын ала өңдеу;
6.4.3. шлактар мен күлді өңдеу;
6.4.4. металл қалдықтарын, оның ішінде электрлік және электрондық жабдықтар қалдықтарын, сондай-ақ пайдалану мерзімі өткен көлік құралдарын және олардың құрамдастарын ұсақтағыштарда өңдеу.
Егер 6.3 және 6.4-тармақтарда көрсетілгендерден қалдықтарды өңдеу жөніндегі жалғыз жүзеге асырылатын қызмет түрі анаэробты ыдырау болса, онда осы қызмет үшін шекті мән тәулігіне 100 тоннаны құрайды.
6.5. инертті қалдықтар полигондарын қоспағанда, тәулігіне 10 тоннадан көп қалдық түсетін немесе жалпы қуаттылығы 25 мың тоннадан асатын полигондар;
6.6. жинау күтілетін жинақтауды қоспағанда, 6.1, 6.2, 6.5. және 6.7-тармақтарда санамаланғандардан қандай да бір қызмет түрін күтетін, 6.5-тармаққа енгізілмеген қалдықтар түзілетін, алаңдағы көлемі 50 тоннадан асатын қауіпті қалдықтарды жинақтау.
6.7. жалпы сыйымдылығы 50 тоннадан көп болатын қауіпті қалдықтарды жер астында сақтау.
7. Өзге де қызмет түрлері:
7.1. өнеркәсіптік қондырғыларда:
7.1.1. сүректен немесе басқа да талшықты материалдардан жасалған целлюлоза;
7.1.2. өнімділігі тәулігіне 20 тоннадан асатын қағаз немесе картон;
7.1.3. сүректі тақталардың мынадай түрлерінің бірін немесе бірнешеуін: өндірістік қуаттылығы тәулігіне 600 м3-ден асатын бағдарланған жоңқа тақтасы, сүректі-жоңқалы немесе сүректі-талшықты тақта өндіру;
7.2. өңдеу қуаттылығы тәулігіне 10 тоннадан асатын, тоқыма талшықтарын немесе тоқыманы алдын ала өңдеу (жуу, ағарту, мерсерлеу) немесе бояу;
7.3. тері мен былғары илеу, бұл ретте өңдеу қуаттылығы тәулігіне 12 тонна дайын өнімнен асады;
7.4. өңдеу қуаттылығы тәулігіне 10 тоннадан астам көп малдың ұшасын немесе мал шаруашылығы қалдықтарын жою немесе қайта өңдеу;
7.5. мыналарды:
7.5.1. ауыл шаруашылығы құсы үшін 50 мың бастан көп;
7.5.2. шошқа (салмағы 30 кг көп) үшін 2 мың бастан көп;
7.5.3. мегежін үшін 750 бастан көп құстарды немесе шошқаларды қарқынды асырау;
7.6. заттарды, нәрселерді немесе өнімдерді, атап айтқанда әрлеу, басып шығару, жабынды жағу, майсыздандыру, гидрооқшаулау, желімдеу, бояу, тазалау немесе сіңдіру үшін шығысы сағатына 150 кг көп немесе жылына 200 тоннадан көп болатын органикалық еріткіштерді пайдалана отырып беткі өңдеу;
7.7. жағу немесе графиттеу арқылы көміртекті немесе электрографитті өндіру;
7.8. жер қойнауында геологиялық сақтау мақсаттары үшін I санаттағы объектілерден көміртегі диоксидінің шығарындыларын тұту;
7.9. ағаш нілін жою мақсатында өңдеуден басқа, өнімділігі күніне 75 м3 асатын сүректі және сүректен жасалған бұйымдарды химиялық заттармен консервациялау;
7.10. коммуналдық ағындарды тазартудан басқа, І санаттағы объектілер ағызатын сарқынды суды тазарту құрылысжайлары кешендері;
7.11. өнімділігі тәулігіне 20 мың м3 және одан көп болатын орталықтандырылған су бұру (кәріздендіру) жүйелерінің сарқынды суын тазартуға арналған құрылысжайлар;
7.12. ядролық қондырғыларды, оның ішінде атом станцияларын (қуаттылығы нөлдік ядролық зерттеу қондырғыларын қоспағанда) пайдалану;
7.13. уран және торий кендерін өндіру, уран және торий кендерін байыту, ядролық отын өндіру;
7.14. мыналарды:
7.14.1. объектіде қоршаған ортаға радиоактивті заттардың шығарылу мен төгілу көздерінің болуы шартымен радиациялық көздерді (өз құрамында радиациялық қауіптіліктің төртінші және бесінші санаттарының радионуклидтік көздері ғана бар радиациялық көздерді қоспағанда);
7.14.2. ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды сақтау пункттерін, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерін, сақтау қоймаларын, радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін пайдалану.
2-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді ІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
1. Энергетика:
1.1. белгіленген электр қуаттылығы 50 мегаваттан (МВт) кем жабдықты пайдалана отырып электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз ету;
1.2. жалпы номиналды жылу қуаттылығы 20 мегаваттан (МВт) кем болатын қондырғыларда газдандыру және (немесе) көмірді қоспағанда, қатты отын түрлерін сұйылту арқылы газ өндіру;
1.3. газбен жұмыс істейтін, қуаттылығы 10 мегаватт (МВт) және одан көп энергия өндіретін станциялар.
2. Металдарды өндіру және өңдеу:
2.1. Мыналарды:
2.1.1. үздіксіз құю қондырғысын қоса алғанда, шойын немесе болат (бастапқы немесе қайталама балқыту) өндіру үшін (өнімділігі сағатына 2,5 тоннадан кем);
2.1.2. ыстықтай илемдейтін орнақтарды пайдалана отырып, қара металдарды өңдеу үшін (жобалық өнімділігі сағатына 20 тонна шикі болаттан кем);
2.1.3. сағатына 2 тоннадан кем шикі болатты бере отырып, қорғаныш бүркілген металл жабындарды жағу үшін;
2.1.4. өнімділігі тәулігіне 20 тоннадан кем болатын қара металдарды құю өндірісі үшін;
2.1.5. түсті металдарды легирлеуді, рафинирлеуді және құюды қоса алғанда, балқыту үшін (қорғасын мен кадмий үшін балқытудың жобалық өнімділігі тәулігіне 4 тоннадан кем немесе басқа да металдар үшін тәулігіне 20 тоннадан кем) жабдықты пайдалана отырып, металлургиялық өндіру;
2.2. жиынтық көлемі 30 м3 кем болатын технологиялық ванналарда электролиттік немесе химиялық процестерді пайдалана отырып, металдар мен пластикалық материалдарды беткі өңдеу.
3. Минералдық өнеркәсіп:
3.1. мыналарды өндіру:
3.1.1. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 500 тоннадан аспайтын айналмалы пештерде немесе өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан аспайтын басқа да пештерде цемент клинкері;
3.1.2. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан кем болатын пештерде әк (сөнбеген, сөндірілген);
3.1.3. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннадан кем болатын пештерде магний оксиді;
3.1.4. балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан кем болатын, шыны талшығын қоса алғанда, шыны және шыныдан жасалған бұйымдар;
3.1.5. балқыту қуаттылығы тәулігіне 20 тоннадан кем болатын, минералдық талшықтар өндіруді қоса алғанда, минералдық заттарды балқытуға арналған жабдықты пайдалана отырып, бейметалл минералдық өнім;
3.1.6. жобалық қуаттылығы жылына 1 млн. данадан кем болатын отқа төзімді қыш бұйымдар және құрылыс қыш материалдар;
3.1.7. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан аспайтын және (немесе) бір пешке салу тығыздығы 300 кг/м3 аспайтын, күйдіру пештерін пайдалана отырып, отқа төзімді қыш бұйымдар мен құрылыс қыш материалдарынан басқа, қыш немесе фарфор бұйымдар.
4. Тамақ өнеркәсібі:
4.1. мыналарды өндіру:
4.1.1. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан аз дайын өнім болатын ет және ет өнімдері;
4.1.2. өсімдік және жануарлар майлары мен тоңмайлар (жобалық өнімділігі осы қосымшаның 1-бөлімінің 5.2-тармағының 5.2.2. және 5.2.3-тармақшаларында белгіленгеннен кем);
4.1.3. картоптан, жемістер мен көкөністерден жасалған өнімдер (жобалық өнімділігі тәулігіне кемінде 300 тонна дайын өнім (орташа тоқсандық көрсеткіш);
4.1.4. сүт өнімдері (жобалық қуаттылығы тәулігіне 200 тонна қайта өңделетін сүттен кем (орташа жылдық көрсеткіш).
5. Көлік және инфрақұрылым объектілері:
5.1. ішкі су жолдарында орналасқан порттар (суығыстырымдығы 1350 тонна және одан көп болатын кемелердің өтуіне жол берілетін);
5.2. теңіз порттары;
5.3. әуе кемелерін қабылдауға, жөнелтуге және әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған объектілер (ұзындығы 2100 метр және одан көп ұшу-қону жолағы болған кезде);
5.4. теміржол көлігі инфрақұрылымы объектілері.
6. Қалдықтарды басқару:
6.1. қауіпті қалдықтарды көму жөніндегі объектілер;
6.2. өнімділігі жылына 250 тонна және одан көп болатын қауіпті қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.3. қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.4. биологиялық және медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру, залалсыздандыру және (немесе) жою жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.5. өнімділігі сағатына 3 тоннадан аспайтын коммуналдық қалдықтарды өртеуге арналған қондырғылар;
6.6. өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан аспайтын, қауіпті емес қалдықтарды жою жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.7. өнімділігі жылына 2500 тоннадан асатын, қауіпті емес қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын объектілер;
6.8. жылу электр станцияларының қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіру;
6.9. өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан жоғары қоқыс сұрыптау кәсіпорындары;
6.10. 1 мың м2 асатын аумақта немесе 1 мың тоннадан жоғары көлемде темір сынықтарын және (немесе) кәдеге жаратуға жататын көлік құралдарын сақтау алаңдары;
6.11. пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбалардан басқа немесе шымтезек өндіру, кен іздеушілік кезіндегі) өндіру кезінде түзілетін үйінділер;
6.12. жинау күтілетін жинақтауды қоспағанда, қалдықтар түзілетін алаңда массасы 5 тоннадан асатын қауіпті қалдықтарды жинақтау;
6.13. сақтау қоймасының алаңы 100 м2 астам болатын, құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар, қатты әсер ететін улы заттар бар қауіпті қалдықтардың ашық және жабық қоймалары.
7. Өзге де қызмет түрлері:
7.1. қағаз және картон өндіру (өнімділігі тәулігіне 20 тоннадан аспайтын);
7.2. тоқыма талшықтарын жууға, ағартуға, мерсерлеуге, бояуға және (немесе) тоқыма өнімдерін ағартуға, бояуға арналған жабдықтарды пайдалана отырып тоқыма бұйымдарын өндіру (өнімділігі тәулігіне 10 тонна өңделген шикізаттан аспайтын);
7.3. тері мен былғарыны илеуге, бояуға, өңдеуге арналған жабдықтарды пайдалана отырып былғары мен былғарыдан жасалған бұйымдарды өндіру (жобалық өңдеу қуаттылығы тәулігіне 12 тонна дайын өнімнен көп емес);
7.4. ауыл шаруашылығы құсын өсіру (5000 бас және одан көп);
7.5. шошқа (500 бас және одан көп), мегежін (100 бас және одан көп) асырау және өсіру;
7.6. ірі қара мал өсіру (1500 бас және одан көп);
7.7. қой өсіру (15 мың бас және одан көп);
7.8. жобалық тұтынуы жылына 200 тоннадан аспайтын органикалық еріткіштерді пайдалана отырып, заттардың немесе өнімдердің беттерін өңдеу;
7.9. жағу мен графиттеуді болғызбайтын тәсілдермен жасанды графит өндіру;
7.10. сарқынды су көлемі тәулігіне 20 мың м3 кем болатын орталықтандырылған су бұру (кәріздеу) жүйелерінің сарқынды суын тазарту;
7.11. жылына 10 мың тоннадан жоғары кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу;
7.12. пайдалы қатты қазбалар ресурстарын бағалау мақсатында тау-кен массасын алу және топырақты жылжыту арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлау;
7.13. газды, газды қайта өңдеу өнімдерін, мұнайды және мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау;
7.14. жанғыш (битумдық) тақтатастар мен құмнан шикі мұнайды өндіру;
7.15. мыналарды жинап қою және сақтау (жерүсті немесе жерасты):
7.15.1. мұнай және оның қайта өңдеу өнімдері (жобалық сыйымдылығы 200 мың тонна және одан көп);
7.15.2. пестицидтер мен агрохимикаттар (жобалық сыйымдылығы 50 тонна және одан көп);
7.16. автоклавтарды пайдалана отырып, силикат кірпіш өндіруді қоса алғанда, құрылыста пайдалану үшін бетоннан жасалған бұйымдар өндіру (жобалық қуаттылығы жылына 1 млн. дана және одан асатын);
7.17. құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, кәбілдер, құбырлар және басқа да коммуникациялар тарту, Каспий теңізі деңгейінің көтерілу-қайту ауытқуының ықпал ету аймағы шегінде бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды орындау;
7.18. қоршаған ортаға ластағыш заттардың төгілуі жүзеге асырылатын кез келген қызмет түрі;
8. Мыналар:
8.1. ішкі су жолдарында орналасқан порт (суығыстырымдығы 1350 тонна және одан көп болатын кемелердің өтуіне жол беретін);
8.2. теңіз порты;
8.3. әуе кемелерін қабылдауға, жөнелтуге және әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған объект (ұзындығы 2100 метр және одан көп болатын ұшу-қону жолағы болған кезде);
8.4. теміржол көлігі инфрақұрылымының объектісі болып табылатын объектінің қызметі.
Ескертпе. Осы қосымшаның 1 және 2-бөлімдеріндегі қызмет түрлері немесе объектілері сәйкес келген кезде осы қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілген шекті мәндерден төмен сипатталатын сандық көрсеткіштері бар қызмет түрлері мен объектілері 2-бөлімге жатады.
3-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді ІІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
1. Қызмет түрлері және объектілер:
1) қоспатыңайтқыштар өндіру;
2) фторопластарды қайта өңдеу жөніндегі өндіріс;
3) дайын целлюлоза мен шүберектен қағаз өндіру;
4) глицерин өндіру;
5) галалит және басқа ақуызды пластиктер (аминопластар және басқаларын) өндіру;
6) конденсаттық шайырларда эмальдар өндіру;
7) сабын өндіру;
8) тұз қайнату және тұз ұнтақтау өндірісі;
9) фармацевтикалық калий тұздарын (хлорлы, күкірт қышқылды, сақар) өндіру;
10) табиғи минералдық бояуларды (борды, жосаны және басқаларын) өндіру;
11) илеу сығындысын өндіру;
12) полиграфиялық бояулар өндіру;
13) фотохимиялық (фотоқағаздар, фотопластинкалар, фото және кинотаспалар) өндіру;
14) дайын бастапқы өнімдерден тұрмыстық химия тауарларын өндіру және олар сақталатын қоймалар;
15) сырмай өндіру;
16) медициналық шыны өндіру (сынапты қолданбай);
17) пластмассаларды қайта өңдеу жөніндегі өндіріс (құю, сығып шығару, престеу, вакуум-қалыптау);
18) полиуретандар өндіру;
19) дайын дәрілік нысандар өндіру (құрауыштарын дайындамай);
20) макулатурадан қағаз өндіру;
21) қуаттылығы тәулігіне 160 кг жоғары киімді химиялық тазалау фабрикалары;
22) пластмассалар мен синтетикалық шайырлардан бұйымдар өндіру (механикалық өңдеу);
23) көмір қышқылын және құрғақ мұз өндіру;
24) жасанды інжу өндіру;
25) сіріңкелер өндіру;
26) қорғасындалған немесе резеңке оқшаулағышы бар кәбіл өндіру;
27) жол машиналарын, автомобильдерді, шанақтарды, теміржол көлігі мен метрополитеннің жылжымалы құрамын жөндеу жөніндегі цехтар;
28) металл электродтар өндіру;
29) шрифт құю өндірісі (қорғасын шығарындыларынсыз);
30) полиграфиялық өндіріс;
31) офсеттік баспа фабрикалары;
32) өндірісте қорғасын қолданылатын баспаханалар;
33) локомотивтер мен электровоздарды құрастыру жөніндегі өндіріс;
34) балшық бұйымдарын өндіру;
35) шыны үрлеу өндірісі, айна өндірісі, шыны тегістеу және бедерлеу;
36) мәрмәрді механикалық өңдеу;
37) бетон және бетон бұйымдарын өндіру;
38) дайын тойтармадан бөшке жасау бұйымдарын өндіру;
39) жөке-тоқыма өндірісі;
40) сүректі тұз және су ерітінділерімен (күшәла тұздарынсыз), супержақпамен консервациялау жөніндегі өндіріс;
41) ағаш кемелерді (катерлерді, қайықтарды) дайындауға арналған кеме жасау верфтері;
42) ағаш ұсталық-балташылық, жиһаздық, паркеттік, жәшіктік объектілер;
43) котонин өндірісі;
44) піллә пісіру және жібек орау өндірісі;
45) меланж өндірісі;
46) кендір-кенеп иіру, арқан, кендіржіп, бау және ұштарын өңдеу жөніндегі өндіріс;
47) жасанды қаракөл өндірісі;
48) аяқ киім өндірісі;
49) бояу және ағарту цехтары болмаған кезде мақтадан, зығырдан, жүннен иірімжіп пен мата өндіру;
50) трикотаж және шілтер өндірісі;
51) кілем өндірісі;
52) еріткіштерді қолданбай былғары және былғары-целлюлоза талшықтарында аяқ киім картондарын өндіру;
53) шөлнек-ұршық өндірісі;
54) тұсқағаздар өндірісі;
55) иленген былғарыдан бұйымдар өндіру;
56) қыл мен түктен қылшақ өндіру;
57) киіз басу өндірісі;
58) өнімділігі тәулігіне 3 тоннадан көп болатын кондитерлік өндіріс;
59) шақпақ қант өндіру;
60) макарон өнімдерін өндіру (өнімділігі тәулігіне 1 тоннадан көп);
61) нан зауыттары мен нан пісіру өндірістері (өнімділігі тәулігіне 3 тоннадан көп);
62) сыйымдылығы 600 тоннадан көп болатын, тамақ өнімдерін төмен температурада сақтауға арналған өнеркәсіптік қондырғылар;
63) жүзім шырыны зауыттары;
64) жеміс және көкөніс шырындары және алкогольсіз сусындар зауыттары;
65) өнімділігі сағатына 0,5-ден 2 тоннаға дейінгі диірмендер;
66) қуаттылығы аз: тәулігіне 3 тоннаға дейін етті, сүтті, тәулігіне 3 тоннаға дейін балықты қайта өңдеу жөніндегі объектілер (шағын өндіріс);
67) мал шаруашылығы ағындарын пайдаланатын мелиорациялық объектілер;
68) мыналарды:
100 бас және одан көп шошқа (мегежін 10 бас және одан көп) асырау және өсіру жөніндегі;
150 бастан бастап және одан көп ірі қара мал өсіру жөніндегі;
500 бастан бастап және одан көп ауыл шаруашылығы құсын өсіру жөніндегі;
150 бастан бастап және одан көп жылқы өсіру жөніндегі;
150 бастан бастап және одан көп түйе өсіру жөніндегі;
600 бастан бастап және одан көп қой мен ешкі өсіру жөніндегі мал шаруашылықтары;
100 бастан бастап және одан көп аң фермалары;
69) автомобильдерге қызмет көрсету жөніндегі объектілер (азаматтарға тиесілісінен басқа, жеңіл автомобильдер, қалалық көлік автобустарынан басқа, автобустар);
70) троллейбус және трамвай парктері;
71) жануарларды ұстайтын ветеринариялық емдеу орындары, виварийлер, питомниктер, кинологиялық орталықтар, жануарларды ұзақ ұстау пункттері;
72) көлік құралдарына сұйық және газды мотор отынын құю жөніндегі автожанармай құю станциялары;
73) бұрылатын су көлемі тәулігіне 5 мың м3 көп болатын сарқынды суды сүзу алаңдарына, жергілікті жер бедеріне, жерасты белдеулеріне бұру жөніндегі объектілер;
74) нөсер ағынын тазарту жөніндегі құрылысжайлар;
75) астық түсіретін қоймалар және ашық орындар;
76) ас тұзын түсіретін қоймалар мен ашық орындар;
77) шаңның сыртқы ортаға шығуын болғызбайтын қойма элеваторлары мен пневмокөлік немесе басқа да қондырғылар мен сақтау қоймаларын қолдана отырып үйіп тасымалданатын фосфорит ұнының апатит концентратын, цементті және басқа шаңданатын жүктерді қайта тиеу мен сақтаудың көліктік-техникалық схемалары;
78) ылғалданған минералдық-құрылыс материалдарын (құм, қиыршық тас, шағыл тас, тастар және басқалар) қайта тиеуге арналған ашық қоймалар мен орындар;
79) престелген күнжараны, шөпті, сабанды, темекі-қара темекі бұйымдарын және басқаларды сақтау учаскелері және оларды қайта тиеуге арналған орындар.
2. Өзге де өлшемшарттар.
мынадай өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін кез келген қызмет түрін жүзеге асыру:
1) объектіде атмосфералық ауаға шығарылатын ластағыш заттардың массасы жылына 10 тонна және одан астам көп болатын эмиссиялардың стационарлық көздерінің болуы;
2) объектіде жобалық жылу қуаттылығы сағатына 2 Гкал және одан көп болатын жабдықты пайдалана отырып, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз ету жөніндегі қондырғыларды пайдалану;
3) объектіде 10 тонна және одан көп болатын қауіпті емес қалдықтардың және (немесе) 1 тонна және одан көп болатын қауіпті қалдықтардың жинақталуы.
Ескертпелер:
1. Осы бөлімде өндіріс деп тауарларды, жұмыстарды сериялық өндіру және (немесе) қызметтерді көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызмет түсініледі. Осы бөлімнің ережелері жеке тұлғалардың жеке тұрмыстық мақсаттар үшін тауарларды, жұмыстарды өндіруіне және (немесе) қызметтерді көрсетуіне және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қол еңбегінің үлесі басым жеке тапсырыстар бойынша бір реттік немесе шағын көлемде тауарларды, жұмыстарды өндіруді және (немесе) қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
2. Осы қосымшаның 2 және 3-бөлімдеріндегі қызмет түрлері немесе объектілер сәйкес келген кезде осы қосымшаның 2-бөлімінде көрсетілген шекті мәндерден төмен сипаттайтын сандық көрсеткіштері бар қызмет түрлері мен объектілері 3-бөлімге жатады.
2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Экология кодексіне 3-қосымша |
Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану салаларының тізбесі
1. Қызмет түрлері:
1) темір кендерін өндіру және байыту, шойын, болат және ферроқорытпа өндіру, қара металдарды одан әрі қайта құю бұйымдарын өндіру;
2) түсті метал кендерін өндіру және байыту, түсті металдарды өндіру;
3) мұнай мен табиғи газды өндіру;
4) кокс пен мұнай өнімдерін өндіру, табиғи газды қайта өңдеу;
5) көмір мен антрацитті өндіру және байыту;
6) отынды жағу арқылы электр және жылу энергиясын өндіру;
7) қалдықтарды, оның ішінде термиялық тәсілдермен залалсыздандыру;
8) қалдықтарды көму;
9) целлюлоза, ағаш массасын, қағаз, картон өндіру;
10) негізгі органикалық химиялық заттарды өндіру;
11) жұқа органикалық синтез өнімін өндіру;
12) полимерлерді өндіру;
13) негізгі органикалық емес химиялық заттарды (аммиакты) өндіру;
14) органикалық емес қышқылдарды, минералдық тыңайтқыштарды өндіру;
15) қатты және басқа да органикалық емес химиялық заттарды (оксидтерді, гидрооксидтерді, тұздарды) өндіру;
16) арнайы органикалық емес химикаттарды өндіру;
17) өзге де негізгі органикалық емес химиялық заттарды өндіру;
18) органикалық еріткіштерді пайдалана отырып беттерді, заттарды немесе өнімдерді өңдеу;
19) электролиттік немесе химиялық процестерді пайдалана отырып, металдар мен пластмассаларға жабындар жағу;
20) шыны, қыш бұйымдар өндіру;
21) цемент, әк, магний оксидін өндіру;
22) тоқыма бұйымдарын өндіру (жуу, ағарту, мерсерлеу);
23) тоқыма талшықтарын бояу, тоқыма өнімдерін ағарту, бояу;
24) былғары мен тері илеу, бояу, өңдеу;
25) шошқа, ауыл шаруашылығы құсын қарқынды өсіру;
26) ет комбинаттарында, ет-тоңазыту қасапханаларында мал сою;
27) тамақ өнімдерін, сусындарды, сүт және сүт өнімдерін өндіру;
28) елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суын тазарту.
2. Алуан қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын технологиялық процестер, жабдықтар, техникалық тәсілдер мен әдістер:
1) тауарларды (жүктерді) сақтау және жинап қою кезінде ластағыш заттардың шығарындыларын, ластағыш заттардың төгілу көлемдерін азайту;
2) химия өнеркәсібіндегі сарқынды су мен шығарылатын газдарды өңдеу (айналым) жүйелері;
3) өнеркәсіптік салқындату жүйелері;
4) аршылған және жанасқан тау жыныстарымен жұмыс істеу;
5) кәсіпорындарда өнім (тауарларды) өндіру, жұмыстар жүргізу және қызметтер көрсету кезінде сарқынды суды және ластағыш заттар шығарындыларын тазарту.
2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Экология кодексіне 4-қосымша |
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі
1. Атмосфералық ауаны қорғау:
1) технологиялық жабдықтар мен аспирациялық жүйелерден атмосфераға шығатын зиянды заттарды тұтуға, залалсыздандыруға (кәдеге жаратуға) арналған шаң-газ тазартқыш қондырғыларды пайдалануға беру, жөндеу және реконструкциялау;
2) жылу жүйелерін ұтымды етуге, оның ішінде жылу энергиясын рекуперациялауға, жанарғыға жіберу арқылы түтін газдарын рециркуляциялауға, пайдалы әсер коэффициенті жоғары энергетикалық жабдықтың отандық өндірісіне және баламалы, экологиялық таза энергия көздерін пайдалануға байланысты монтаждау жұмыстары;
3) стационарлық және жылжымалы көздерден ластағыш заттардың шығарылуын болғызбау және азайту жөніндегі іс-шараларды орындау;
4) коммуналдық жылу электр станциялары мен жылу электр орталықтарында ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу;
5) ілеспе газдарды кәдеге жарату, пайдаланылған газдарды бейтараптандыру, ластағыш заттар мен олардың қосылыстарының стационарлық және жылжымалы ластау көздерінен атмосфераға шығарылуын тежеу және залалсыздандыру жөніндегі жабдықтарды, қондырғылар мен құрылғыларды ендіру;
6) пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтіндеуін төмендететін отынға арналған қоспаларды енгізе отырып, этилдендірілмеген бензинді отын ретінде пайдаланатын автомашиналарда пайдаланылған газдарды тазарту үшін катализаторлық конверторларды орнату, дизель отынымен жұмыс істейтін көлік құралдарын, пайдаланылған газдарды бейтараптандырғыштармен жабдықтау, автокөлікті ауыстыру, электрлік тартқышты пайдалануды кеңейту;
7) өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және пайдалану кезінде қоршаған ортаның ластануын болғызбауға бағытталған шараларды қабылдау;
8) пайдалы қазбаларды өндіру, жару жұмыстарын жүргізу, террикондарды, үйінділер мен қоқыстарды орналастыру және пайдалану кезінде ластағыш заттардың шығарылуын азайтуды қамтамасыз ететін технологиялық процесті оңтайландыру;
9) тау-кен және жылу энергетикалық кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдалану объектілерінде және құрылыс алаңдарында, оның ішінде қалдық қоймаларда, шлам жинағыштарда, карьерлер мен ішкі кәсіпшілік жолдарында шаң басу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
10) қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендетуге мүмкіндік беретін техникалық және технологиялық шешімдерді (отынның, шикізаттың, материалдардың басқа (балама) түрлеріне көшуді қоса алғанда) енгізу және жетілдіру;
11) қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу, шығарындылар көздерінен шығатын газдардағы ластағыш заттарды тиімді тазартуды, кәдеге жаратуды, бейтараптандыруды, басуды және залалсыздандыруды қамтамасыз ететін негізгі жабдықтарды ауыстыру және реконструкциялау, түтін газдарындағы зиянды заттардың жоғары концентрациясы бар ескірген қазандықтарды бөлшектеу;
12) отынның жану режимдерін оңтайландыруды қамтамасыз ететін технологиялық шешімдерді енгізу (пайдаланылатын отын сапасының, отын балансы құрылымының өзгеруі), атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларындағы, оның ішінде жылжымалы көздер үшін уытты заттарды (қорғасынның қосындыларын, азот тотықтарын қоса алғанда) азайту;
13) парниктік газдардың шығарылу көлемін қысқартуға және (немесе) парниктік газдар сіңірілуін арттырылуға бағытталған іс-шараларды енгізу;
14) озонға қауіпсіз заттарды пайдалану жолымен озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды азайту;
15) көздердегі зиянды заттардың шығарылуын автоматты мониторингтеу және тұрғын санитариялық-қорғаныш аймағы шекарасындағы атмосфералық ауа сапасын жүйесін енгізу;
16) қолданыстағы шаң-газ тұтқыш қондырғылар жұмысының тиімділігін арттыру (оларды жаңғыртуды, реконструкциялауды қоса алғанда) және оларды автоматты басқару жүйесін енгізе отырып, бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандыру;
17) қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне ақпарат берудің жергілікті желісін енгізу есебінен бақыланатын ластағыш заттардың тізбесін кеңейте отырып, атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау бекеттерін салу, жаңғырту.
2. Су объектілерін қорғау:
1) бұрылатын судың сапалық құрамын жақсартуды қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру және тазарту құрылғыларын салу, жергілікті тазарту құрылысжайларының құрамындағы шағын резервтік сыйымдылықтардың (жинақтайтын сыйымдылықтар, тұндырғыштар, суды аэрациялауға арналған құрылысжайлар мен құрылғылар, пестицидтерді ұстауға арналған экрандар) жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
2) тазарту құрылыстарында ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу;
3) шағын өзендердің ағынын реттеу, олардың арналарын немесе су қоймасының қалағын тазалау, шағын өзендер мен көлдердің бассейндерінде экожүйелердің оңтайлы тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін тұрақты су өткізуді жүзеге асыру, сондай-ақ кіші өзендер мен көлдердің батпақтануын болғызбау, оңтайлы гидрологиялық режимді және санитариялық жай-күйін қолдап отыру жөніндегі өзге де іс-шаралар;
4) ластанудың алдын алуға және жағымсыз әсер етуді азайтуға бағытталған табиғи су объектілеріне сарқынды суды ағызу көлемін азайту мақсатында өндірістік процестерді жаңғырту;
5) су ресурстарының қоқыстануын, ластануын және сарқылуын болғызбауға бағытталған технологиялық, гидротехникалық, санитариялық және өзге де іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) мыналарды салу, реконструкциялау, жаңғырту:
сарқынды суды тазарту және толық тазарту, сұйық қалдықтар мен кубты қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі қондырғылар;
су қоймаларының су жинау алаңында, сондай-ақ ұлттық парктер, курорттар мәртебесі бар аумақтарда орналасқан кәсіпорындар үшін тазарту қондырғылары мен кәріз жүйелері;
шламдарды гидрокірне жою және гидрожою жүйелерін, өндірістік мақсаттағы айналым жүйелерін және суды, оның ішінде басқа кәсіпорындардан түсетін суда қайта пайдалануды қоса алғанда, тұйық циклді сумен жабдықтау жүйелері;
гидротехникалық және өзге де өндірістік мақсаттарға арналған су қоймаларын қоспағанда, арнайы реттеуші су қоймалары;
техногендік ластануға ұшыраған ызасуды және жерасты суын тазарту жөніндегі қондырғылар;
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жол берілетін төгіндінің белгіленген нормативтеріне дейін тасымалдау және тазарту жүйесі бар шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суды тазарту жөніндегі қондырғылар;
тазартудың механикалық, биологиялық және физикалық-химиялық әдістерін, сарқынды суды толық тазарту құрылысжайларын, сарқынды суды қабылдағыштар мен шығарғыштарды пайдалануға негізделген тазарту құрылысжайлары;
дренаждық, шахталық және нөсерлік суды, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және ауыл шаруашылығы сарқынды суын және гидрошлам қалдықтарын, флотация қалдықтарын (шлам жинағыштар, тұндырғыштар, күл үйінділері, буландырғыш тоғандар) тасымалдауға арналған желілер;
7) қараусыз қалған және жұмыс істемей тұрған ұңғымаларды жою, тампонаж немесе өздігінен төгілетін артезиан ұңғымаларының крандық реттелетін режиміне ауыстыру;
8) авариялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру және реконструкциялау, нормативтік сапаға дейін тазарту және сумен жабдықтаудың айналым жүйелерін және жергілікті тазарту құрылысжайларын салу жолымен дренаждық және нөсер суын, шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суды технологиялық мақсаттар үшін қайта пайдалану, техникалық мұқтаждыққа ауызсу мақсатындағы суды пайдалануды қысқарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
9) сарқынды су жинағыштарды, жерасты суының ластану ошақтарын, тарихи ластануды және су ресурстарына жағымсыз ықпал ету көздерін жою, олардың су объектілеріне жағымсыз салдарларын төмендету үшін ластану саласын демеркуризациялау;
10) трансшекаралық өзендер бассейндерінде сандық-сапалық сипаттамаларды мониторингтеу желісін кеңейту;
11) тұтынылатын және ағызылатын су сапасының автоматты мониторингтеу жүйесін енгізу;
12) қалдық қоймаларынан, шахталар мен штольналардан жерүсті және жерасты суының ластануын болғызбау жөніндегі іс-шараларды орындау;
13) қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне ақпарат берудің жергілікті желісін енгізу есебінен бақыланатын ластағыш заттардың тізбесін кеңейте отырып, жерүсті суының жай-күйін байқау бекеттерін салу, жаңғырту.
14) ұңғыманы игеру және кейіннен пайдалану, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын және сарқынды суды кәдеге жарату кезінде мұнайдың, судың және газдың қабатаралық ауысу салдарынан жерасты суының ластануын болғызбауға бағытталған іс-шараларды жүргізу.
3. Жағалау және су экожүйелеріне әсер етуден қорғау:
1) теңіз деңгейінің ауытқуына байланысты табиғи сипаттағы салдардан немесе антропогендік қызмет нәтижесінде туындайтын авариялардан су ортасын қорғау жөніндегі іс-шараларды енгізу, Каспий теңізінің жағалау аймағындағы су басқан ұңғымаларды консервациялау жөніндегі күзету іс-шараларын орындау;
2) мыналар бойынша қондырғылар мен жабдықтарды салу, реконструкциялау, жаңғырту:
өзендер акваторийлерінен, су қоймаларынан, порттардан мұнай, мазут, қоқыс және басқа да сұйық және қатты қалдықтарды жинау;
кемелерден шаруашылық-тұрмыстық және басқа да сарқынды суды, сондай-ақ қоқысты кәдеге жарату, жинап қою және тазарту үшін қабылдауға арналған жағалау құрылысжайлары;
3) су объектілеріне жағымсыз әсер етуді жалғастыратын құрлықтағы ластану көздерін консервациялау немесе толық жою;
4) өзендер мен су қоймаларының жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындау.
4. Жерді қорғау:
1) қоршаған ортаны ластайтын иесіз өндірістік объектілерді түгендеу және жою;
2) жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жерді аймақтарға бөлу жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ олардың жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
3) тозған аумақтарды, антропогендік қызметтің нәтижесінде бүлінген және ластанған жерлерді рекультивациялау: топырақтың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру, молықтыру және арттыру, оны шаруашылық айналымға уақтылы тарту, жердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану;
4) жерді сарқылудан, тозудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясының, селдің жағымсыз әсер етуінен, көшкіндерден, су басудан, су жайылудан батпақтанудан, қайталама тұзданудан, құрғаудан және тығыздалудан, қалдықтармен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан қорғау;
5) эрозияға қарсы гидротехникалық құрылысжайларды салу, реконструкциялау, жаңғырту, қорғаныштық орман жолақтарын құру, жыраларды бекіту, тік баурайларды террасалау;
6) тарихи ластануды жою, жер ресурстарын ластау көздерін оқшаулау және демеркуризациялау;
7) әдеттегі табиғи құнарлылықты қалпына келтіруге немесе топырақтың гумусын арттыруға бағытталған іс-шараларды орындау.
5. Жер қойнауын қорғау:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу, мұнайды, газды жер астында сақтау, зиянды заттар мен өндіріс қалдықтарын көму, сарқынды суды жер қойнауына ағызу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбау жөніндегі іс-шараларды енгізу;
2) жер қойнауына жағымсыз әсер ету көздерін түгендеу, консервациялау және жою.
6. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін қорғау:
1) орман экожүйелерін қорғау, ормандылықты ұлғайту жөнінде іс-шаралар жүргізу, орман-аңшылық орналастыру, орман және жануарлар дүниесі өнімділігін есепке алу және биологиялық негіздеу, орман экожүйелерінің оңтайлы биоәртүрлілігін қолдау;
2) ұлттық және халықаралық маңызы бар, күзетілетін аумақтарда (ландшафтық саябақтарды, саябақ кешендерін және тарихи-мәдени мұра объектілерін) биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау және қолдау;
3) табиғи ландшафттар және табиғи мекендеу ортасы тіршілігінің табиғи жағдайларын сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, құрып кету қаупі төнген немесе жойылып кету шегіндегі өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің (кіші түрлерінің, популяцияларының) қырылуын болғызбау жөнінде шаралар қабылдау;
4) өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарының ұлттық қоймасын салу, биоәртүрлілікті, микроорганизмдердің, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің, сондай-ақ табиғи экожүйелердің барлық алуан түрлілігін сақтау, антропогендік қызметтің олардың тіршілік ету жағдайларына зиянды ықпалын болғызбау және жол бермеу;
5) жабайы жануарлардың өсімін молайту (биотехникалық іс-шаралар жүргізу, оның ішінде жабайы аңдар мен құстарды қоныстандыру, жабайы жануарлар мен құстарды өсіру жөніндегі питомниктер мен фермалар құру, сондай-ақ олардың тіршілігі үшін жемазық дайындау);
6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын көгалдандыру, кәсіпорындар аумағында, ауруханалардың, мектептердің, балалар мекемелерінің айналасында және босатылатын аумақтарда, шөлейттенуге және басқа да қолайсыз экологиялық факторларға ұшыраған жерлерде жасыл екпелердің, көшеттердің алаңдарын ұлғайту;
7) қорғалатын табиғи аумақтарда курорттық демалыс аймақтары мен туристік орталықтарды дамыту кезінде экологиялық теңгерімді сақтау (рекреациялық аумақтар алаңдарын дамыту жоспарларын әзірлеу, қазіргі заманғы полигондар, кәріз коллекторлары мен тазарту құрылысжайларын салу, қазандықтарды отынның экологиялық таза балама түрлеріне ауыстыру);
8) орман қорын күзету және молықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, орман өрттерінен кейін аумақтарды оңалту және орманды қалпына келтіру;
9) биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау және қалпына келтіру.
7. Қалдықтармен жұмыс істеу:
1) байыту қалдықтарын, аршылған және жанасқан жыныстарды қайта өңдеу, оларды пайдаланылған, бүлінген және ластанған жерлерді рекультивациялаудың техникалық кезеңін жүргізу, карьерлердің ішкі үйінділеріне және шахталардың пайдаланылған қуыстарына салу мақсатында, карьер жолдарына, қорғаныс бөгеттері мен құрылысжайларға себу үшін пайдалану;
2) қалдықтардың, оның ішінде иесіз қалдықтардың кез келген түрлерін жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу жөніндегі технологияларды енгізу;
3) зауыттарды, цехтар мен өндірістерді салу, реконструкциялау, мыналар бойынша қондырғыларды сатып алу және пайдалану:
қалдықтардың кез келген түрлерін жинап қоюға арналған полигондар;
қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;
қайталама материалдық ресурстарды жинау және қайта өңдеу;
су қоймаларын немесе жерасты суын ластайтын сұйық өндірістік қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және жою;
қалдықтардан пайдалы құрамдастарды алуға (байыту қалдықтарын, аршылған және жанасқан жыныстарды, күл шлактарды, металлургиялық шлактарды, техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге) байланысты шикізат немесе дайын өнім алу;
4) тыйым салынған және жарамсыз болған пестицидтер мен олардың ыдыстарын бейтараптандыру және жою;
5) қалдықтардың түзілу және орналастыру көлемдерін азайтуға бағытталған жабдықтар мен технологиялық процестерді реконструкциялау, жаңғырту;
6) иесіз қалдықтарды және тарихи ластануларды жою, олардың одан әрі пайда болуына жол бермеу, өндірістік, тұрмыстық қатты және басқа да қалдықтармен ластану нәтижесінде бүлінген жерлерге рекультивациялауды уақтылы жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
7) құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар, жарамсыз болған пестициядтер мен олардың ыдыстарын көму жөніндегі іс-шараларды орындау.
8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік:
1) иондаушы сәулеленудің ампулды көздерін көму, қайта көму, банкрот кәсіпорындардың, бұрынғы әскери объектілердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың радиоактивті қалдықтарын түпкілікті көму;
2) қоршаған орта объектілерінің радиоактивті ластануын анықтау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында радиоэкологиялық зерттеп қарауды жүргізу;
3) радиоактивті ластану ошақтарын (жертопырақты, тау-кен үйінділерін, металл сынықтарын) дезактивациялау, иондаушы сәулелену көздерін және радиоактивті қалдықтарды көму;
4) радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау пункттерін және көму пункттерін салу;
5) атом энергиясын пайдалана отырып және иондаушы сәулелену көздерімен қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауы;
6) радиоактивті, уытты өнеркәсіптік қалдықтарды көму аумақтарын оңалту, жойылуы қиын органикалық ластағыштарды пайдаланудан шығару, табиғи ортаның биологиялық ластануын болғызбау;
7) күкірттің жинақталған көлемін жою және қайталама өңдеу;
8) халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына және қоршаған ортаға радиациялық қауіпті азайту мақсатында қалдықтарды, тарихи ластануларды қоса алғанда, есепке алынған және есепке алынбаған радиация көздерін жою.
9. Басқару жүйелерін және ең үздік қауіпсіз технологияларды енгізу:
1) табиғи ресурстарды пайдалану кезінде экологиялық таза су үнемдеу, топырақ қорғау технологиялары мен мелиоративтік іс-шараларды енгізу, қалдығы аз технологияларды қолдану, қоршаған ортаға ластағыш заттардың эмиссияларын төмендетуді қамтамасыз ететін озық техникалық және технологиялық шешімдерді жетілдіру;
2) минералдық шикізатты байытудың, сақтаудың және тасымалдаудың, өндіріс қалдықтарын тазартудың және жоюдың экологиялық таза ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу;
3) ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген прогрессивті, қазіргі заманғы және тиімді технологиялық шешімдерді енгізу, өндірістік процестерде қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалану (жаңартылатын және ресурс үнемдейтін технологияларға, жылу энергиясы ресурстары шикізатының көздері мен түрлерінің өзгеруіне негізделген кәсіпорындарды қоса алғанда), экологиялық таза (биоэтанол және басқалар) ретінде сипатталатын энергиямен жабдықтаудың балама көздеріне көшу;
4) Жерде және ғарышта орналасатын жаңа байқау жүйелерін дамыту, спутниктік байқау жүйелерінің деректерімен алмасу;
5) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін неғұрлым тиімді басқару, өнімді, сапа мен өндіріс жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттау есебінен табиғат қорғау талаптарын орындау саласында белгілер мен сертификаттауды енгізу, экологиялық менеджмент жүйелерінің қолданыстағы ұлттық стандарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін енгізу.
10. Ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу;
2) қоршаған орта сапасына зерттеулер жүргізу және оның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;
3) қоршаған ортаның фондық жай-күйін анықтау үшін экологиялық зерттеулер жүргізу, экожүйеге өнеркәсіптік қызметтің ықтимал жағымсыз әсер етуін анықтау және қоршаған ортаның ластануын азайту жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
4) табиғат қорғау жабдықтарын, қондырғыларды, құрылысжайларды, кәсіпорындар мен объектілерді құру, прогрессивті табиғат қорғау технологияларын (ноу-хау), табиғи объектілерді шаруашылық қызметке негізделген жағымсыз әсер етуден қорғаудың әдістері мен құралдарын әзірлеу жөніндегі іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
5) тектік қорды және биоәртүрлілікті сақтау бойынша ғылыми, іздестіру жұмыстарын жүргізу;
6) табиғи суды, топырақты және ландшафтты қорғауды қамтамасыз ететін табиғат қорғау іс-шараларының құрамын негіздеу бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу;
7) ядролық сынақтардың жағымсыз әсеріне ұшыраған аумақтарда және әскери бөлімдер орналасқан аумақтарда радиоэкологиялық жағдайды зерделеу және мониторингтеу, әскери-сынақ полигондарының аумақтарына кешенді гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер жүргізу;
8) ауадағы, судағы және топырақтағы зиянды қоспаларды анықтаудың экспресс-әдістерін әзірлеу;
9) қоршаған ортаны қорғауға дәстүрлі емес тәсілдерді әзірлеу және өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарылатын газдары мен сарқынды суын тазарту, қалдықтарды кәдеге жарату үшін тиімділігі жоғары жүйелер мен қондырғыларды құру;
10) түзілетін қалдықтарды кәдеге жарата отырып, шикізатты терең қайта өңдеуді қамтамасыз ететін технологиялық процестерді, жабдықтарды, аспаптар мен реагенттерді әзірлеу;
11) табиғи ортаға ауыр металдар мен ксенобиотиктер – тірі организмдер үшін бөтен химиялық заттар мен қосылыстардың (өнеркәсіптік ластанудың, пестицидтердің, тұрмыстық химия препараттарының, дәрілік заттардың) түсуін болғызбау мақсатында тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру әдістерін жетілдіру;
12) шаруашылық-өндірістік қызметке тартылған теңіз кемелерінде кеме қатынасының схемаларын, су шаруашылығы теңгерімдерін, режимдерін және су ресурстарын қорғау саласындағы нормативтерді әзірлеу;
13) экологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер мен талаптарды), нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
14) уран өндіретін кәсіпорындарды радиоэкологиялық бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
15) атом электр станцияларының қоршаған табиғи ортаға ықпал етуін бағалау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу;
16) трансшекаралық су объектілерін басқару моделін әзірлеу;
17) су объектілерін тазартудың ғылыми негізделген гидротехникалық, химиялық, биологиялық және ихтиологиялық кешенді әдістерін әзірлеу.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей