< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 269 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
269-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру режимін шектеу

1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шегінде функционалдық аймақтарға бөлу негізінде қызметке толық тыйым салынған қорық учаскелері бөліп шығарылады және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстың жекелеген түрлерін жүргізуге қосымша уақытша шектеулер енгізіледі. 

2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорық аймағында мынадай пайдалану режимі белгіленеді: 

1) теңізде балықтардың қалыпты уылдырық шашуын және құртшабақтардың ширауын қамтамасыз ету үшін 1 сәуірден бастап 15 шілде аралығындағы кезеңде Жайық пен Еділ өзендері сағасындағы аудандарда Еділ өзенінің жер беті атырауы қазақстандық бөлігінің теңізге қарай сұғына енген нүктесінен және Жайық өзенінің жер беті атырауының теңізге қарай сұғына енген нүктесінен 50 километр радиуста, сондай-ақ 1994 жылы 1 қаңтардағы жағалау сызығынан ені 15 километр белдеуде жоғарыда аталған атыраулар бойындағы кеңістік шекараларының арасында және одан әрі шығысқа қарай Жем өзеніне дейін құрылыс және геофизикалық жұмыстар жүргізуге, ұңғымаларды сынауға және кеме қатынасына тыйым салынады. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша балық аулауды және оны тасуды, навигациялық жағдай құралдарын қоюды, ауыстыруды, алуды және тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын кемелердің қатынасына жол беріледі; 

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кезеңде мұнай өндіру процесі жабдықтармен, химиялық реагенттермен, жанар-жағармай және басқа материалдармен, азық-түлікпен дербес қамтамасыз етуге көшірілуге тиіс. Тыйым салу кезеңі аяқталған соң кейіннен әкету үшін мұнай өндіру процесіндегі қалдықтарды жинақтау мен сақтауды қамтамасыз ететін барлық шаралар қабылдануға тиіс; 

3) құстарды ұя салатын жерлерінде (қамыс нуларында, құмдауытты жағалау маңы шығанақтары мен аралдарда) сақтау мақсатында осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кезеңде құрылыс жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ұңғымаларды сынауға тыйым салынады; 

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа мерзімдерде құрлық – теңіз шекарасындағы қамысты нулардың (табиғи биологиялық сүзгілердің) шегінде жұмыстар жүргізу жылдың маусымы ескеріле отырып, қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдерімен реттеледі; 

5) Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу қазан айынан бастап мамыр айы аралығында олар шоғырланған жерден 1852 метрден (бір теңіз милі) жақын болмайтын қашықтықта жүзеге асырылуға тиіс. Жатақтардың ауысуы ескеріле отырып, итбалықтар шоғырланған жерлерді анықтау үшін барлық мүмкін болатын шаралар қабылдануға тиіс; 

6) құстар мен Каспий итбалығына жағымсыз әсер етуді болғызбау үшін қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарды алдын ала хабардар ете отырып, ғылыми-зерттеу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жағдайларды қоспағанда, олардың анықталған мекендеу және көбею орындарынан бір километрден төмен биіктікте әуе көлігінің ұшып өтуіне тыйым салынады. 

3. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы экожүйесінің орнықты болуын қамтамасыз ету үшін теңізде барлау мен өндіруді жобалау кезінде бұрғылау негіздерін салу, ұңғымаларды сынау және кеме қатынасы барынша шектеледі.
Статья 1 ...267 268 269 270 271 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться