< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 329 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Экологиялық кодексi
329-бап. Сатылық қағидаты

1. Қалдықтарды түзушілер мен олардың иелері қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесіне орай, қалдықтардың түзілуін болғызбау және түзілген қалдықтарды басқару жөніндегі шараларды олардың артықшылығының кемуі тәртібімен мынадай реттілікпен қолдануға тиіс:  

1) қалдықтардың түзілуін болғызбау; 

2) қалдықтарды қайтадан пайдалануға дайындау; 

3) қалдықтарды қайта өңдеу; 

4) қалдықтарды кәдеге жарату; 

5) қалдықтарды жою. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 5) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде қалдықтардың иелері, қажет болған кезде, сұрыптау, өңдеу және жинақтау жөніндегі қосалқы операцияларды орындауға құқылы. 

2. Қалдықтардың түзілуін болғызбау деп зат, материал немесе өнім қалдық болғанға дейін қабылданатын және: 

1) түзілетін қалдықтар көлемін азайтуға (оның ішінде, өнімді қайтадан пайдалану немесе оның қызмет ету мерзімін ұлғайту арқылы); 

2) түзілген қалдықтардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер ету деңгейін төмендетуге;  

3) материалдардағы немесе өнімдегі зиянды заттардың болуын азайтуға бағытталатын шаралар түсініледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында қайтадан пайдалану деп әлі қалдық болмаған өнім немесе оның құрамдастары осындай өнім немесе оның құрамдастары жасалған мақсат бойынша қайтадан пайдаланылатын кез келген операция түсініледі. 

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтар қалпына келтіруге жатады. 

4. Қалпына келтірілуі мүмкін емес қалдықтар осы Кодекстің 327-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс қауіпсіз әдістермен жойылуға жатады. 

5. Сатылық қағидатын қолдану кезінде сақтық қағидаты мен орнықты даму қағидаты, техникалық мүмкіндіктер мен экономикалық орындылығы, сондай-ақ қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етудің жалпы деңгейі назарға алынуға тиіс.

Статья 1 ...327 328 329 330 331 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться