Ст. 476 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
476-бап. Құқықтық көмек туралы тапсырмалар
1. Қазақстан Республикасының соттары заңнамада және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделетін көлемде құқықтық көмек көрсетеді. Құқықтық көмек көрсету, хабарламаларды, басқа да құжаттарды тапсыруды және жіберуді, сондай-ақ өзге де процестік әрекеттерді орындауды, атап айтқанда, тараптарды, куәгерлерді тыңдауды, сараптама жүргізуді, сол жерде қарап-тексеруді, орындалуы құқықтық көмек көрсету шеңберінде заңнамада немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта не өзара негізде көзделген басқа да процестік әрекеттерді қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының соттары:
1) тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының егемендігіне нұқсан келтіретін немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін;
2) тапсырмаларды орындау соттың құзыретіне кірмейтін жағдайларды;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, өздеріне заңда немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта не өзара негізде көзделген тәртіппен берілген жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы шетелдік соттардың тапсырмаларын орындайды.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік соттардың жекелеген процестік әрекеттерді орындау туралы тапсырмаларын орындау осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының соттары жекелеген процестік әрекеттерді орындау туралы тапсырмалармен шетелдік соттарға жүгіне алады.
5. Қазақстан Республикасы соттарының шетелдік соттармен қарым-қатынас жасау тәртібі заңда немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда не өзара негізде айқындалады.
6. Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі туралы заңнамасының қолдануын және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекке жүгінуді егжей-тегжейлейтін нұсқаулықты сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекітеді.
7. Шет мемлекеттердің соттары мен құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасының соттарына жолданған құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды қабылдауды, егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де құзыретті органдары жүзеге асыра алады.
Ескерту. 476-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей