< ҚР Азаматтық процестік кодексі

Ст. 54 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
54-бап. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы

1. Азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына мемлекет атынан жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да жүзеге асырады. 

2. Прокурор осы Кодексте көзделген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кірісуге құқылы.  

Мемлекет мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті.  

Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері тиісті ақпаратты соттың интернет-ресурсында орналастыру арқылы қарауға тағайындалған істердің барлығы туралы соттың уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі. 

3. Прокурор:  

1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз бетінше құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алмайтын тұлғалардың;  

2) шектелмеген тұлғалар тобының;  

3) адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы. 

Прокурор квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктер жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану және мәмілелердің жарамсыздығы салдарын қолдану туралы; олардың мүлкін өзгенің заңсыз иеленуінен талап етіп алу туралы; квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктерге келтірілген залалды өтеу туралы; квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктерге қатысты органдардың шешімдеріне дау айту туралы талап қою беруге құқылы. 

3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор талап қоюды сотқа мүдделі тұлғаның өтінуі мен арызына қарамастан беруі мүмкін. 

4. Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды қараусыз қалдырады. 

5. Талап қоюды берген прокурор "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасу құқығынан басқа, барлық процестік құқықтарды пайдаланады, сондай-ақ онда талап қоюшының барлық процестік міндеттері болады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін берілген талап қоюдан бас тартуы осы тұлғаны ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлегеннен кейін істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. 

6. Сот қарайтын дауда прокуратура органдарының мүдделерін талап қоюшы немесе жауапкер ретінде білдіретін прокурор тараптың процестік құқықтары мен міндеттерін пайдаланады. 

Ескертпе. Сотқа осы баптың үшінші бөлігі 3) тармақшасының екінші абзацында көзделген прокурордың талап қоюы, арыздары "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектілерге және (немесе) олардың үлестес тұлғаларына қатысты не активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активтерді іздеу және қайтару жөніндегі шараларды жүзеге асыруына байланысты өзге де тұлғаларға қатысты беріледі. 

Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...505
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться