< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 110 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
110-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері

1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына қосылған жер қойнауы учаскелері көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін: 

1) аукцион өткізу арқылы; 

2) тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға берілуі мүмкін.  

Сол бір жер қойнауы учаскесі бір мезгілде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған әртүрлі келісімшарт бойынша пайдалануда болмайды. 

Бұл ретте жер қойнауы учаскелерінің толық немесе ішінара сәйкес келуіне жол беріледі. 

2. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары мыналар ескеріле отырып, оның ажырамас бөлігі болып табылатын осындай келісімшартқа қосымшада белгіленеді: 

1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістіктік шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сәйкес айқындалады; 

2) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде, сондай-ақ күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары өздерінің шегінде бағалауды талап ететін табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары толық немесе ішінара орналасқан блоктарды қамтиды; 

3) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалану мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары өздерінің шегінде сынап пайдалануды жүргізу жоспарланып отырған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары толық немесе ішінара орналасқан блоктарды қамтиды; 

4) көмірсутектерді өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары (жоғарғы шекараны қоспағанда) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сәйкес айқындалатын кен орны контурларының негізінде белгіленеді. 

Егер барлау учаскесінің шегінде бірнеше жекелеген кен орны ашылса, жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары әрбір жекелеген кен орны үшін белгіленеді; 

5) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша бастапқы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсаттары үшін сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурларын белгілейтін тиісті базалық жобалық құжатқа толықтыруға сәйкес жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша (жер қойнауының сұратылған учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) айқындалады; 

6) осы Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын, көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістіктік шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды; 

7) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесі осы Кодекстің 115-бабына сәйкес бөліп шығарылған жағдайда, барлау немесе өндіру учаскелерінің кеңістіктік шекаралары (жер қойнауының негізгі және бөліп шығарылатын учаскелері): 

барлау учаскесінің бір бөлігін бөліп шығару кезінде – жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, барлау жұмыстарының жобасына жер қойнауының негізгі және бөліп шығарылатын учаскелерінде табылған тиісті кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстар жүргізуді көздейтін толықтыруларға сәйкес; 

барлау немесе өндіру учаскесін бөліп шығару кезінде бөліп шығару жүргізілетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген жер қойнауының тиісті учаскелері бойынша деректер негізінде айқындалады. 

Құзыретті орган жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістік шекаралары туралы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген ақпаратты жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасау тәртібімен жібереді. 

3. Басқа тұлғаға тиесілі немесе оның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан (ішінара орналасқан) жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауы учаскесінің жоғары кеңістікті шекарасы осындай жер учаскесі шегінде осындай жер учаскесінің жер бетінің ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдікте белгіленеді деп есептеледі. 

4. Ішінара ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің немесе су қоры жерлері аумақтарының шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауы учаскесінің жоғары кеңістікті шекарасы осындай аумақтар шегінде осындай жер учаскесінің жер бетінің ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдікте белгіленеді деп есептеледі. 

5. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы бар өзге жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінен төмен орналасқан (ішінара орналасқан) жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, осындай жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесі аумағы шегінде берілетін жер қойнауы учаскесінің жоғарғы кеңістікті шекарасы оның төменгі кеңістікті шекарасы бойынша айқындалады. 

6. Осы Кодекстің 117-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша барлау кезеңі ұзартылған барлау учаскелері үшін, сондай-ақ өндіру учаскелері үшін табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) немесе көмірсутектер кен орындары жатқан тереңдікпен айқындалатын төменгі кеңістікті шекарасы белгіленеді. 

7. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша барлау учаскесі (учаскелері) аумағының көлемін екі мың төрт жүз блоктан асыруға болмайды. 

Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...108 109 110 111 112 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться