< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 187 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
187-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беру туралы өтініш

1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны алуға мүдделі тұлға құзыретті органға ол белгілеген нысан бойынша өтініш береді. 

2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтініште көрсетілетін аумақ екі жүз блоктан артық болмауға тиіс.  

3. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:  

1) жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;  

заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшылар туралы, өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер; 

2) барлау аумағын құрайтын және өтініш иесі пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын блокты (блоктарды) көрсету. 

Өтініште көрсетілген барлау аумағы, егер осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда блоктың бір бөлігін қамтыса, лицензияның шарттарын айқындау мақсаттары үшін өтінішті қарау кезінде аталған блок толық болып есептеледі. 

4. Өтінішке мынадай құжаттар:  

1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері; 

2) егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат; 

3) сұралып отырған жер қойнауы учаскесінде өтініш иесі жүргізуге ниет етіп отырған барлау жөніндегі жұмыстардың жазбаша сипатталған түрлері, әдістері, тәсілдері, жылдар бойынша болжалды жүргізу мерзімдері мен көлемдері; 

4) егер сұралатын учаскеде немесе оның бөлігінде тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын болса, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге мұндай тұлғаның келісімі; 

5) өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қаржылық және кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар; 

6) егер сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықта жатқан аумаққа тиесілі болса, жергілікті халықты осы Кодекстің 25-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім; 

7) өтініш иесінің республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің жоқ екендігі туралы, өтініш берген күннің алдындағы күннен күнтізбелік он күннен ерте берілмеген салық органынан анықтама қоса беріледі. 

5. Өтініш иесінің барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі:  

1) өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы үш ай шегіндегі отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшасының тұрақты болатынын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме; 

2) ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі қызметін қаржыландыру, сондай-ақ сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті қарыз сомасы (қаржыландыру) расталатын, қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі; 

3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге, өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айға немесе алдыңғы күнтізбелік жылға дайындалған қаржылық есептілігі, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға арналған ең төмен шығыстардың шамасындағы міндеттемесінен асып түседі; 

4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктің өтініш иесіне өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде құзыретті орган айқындайтын ең төменгі рейтингтік бағадан төмен болмайтын рейтингтік баға беру туралы хаты ұсынылады. 

Егер өтініш иесінің қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға (қаржыландыратын) қарыз беруші болатын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша осы тұлғада осы тармақтың 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі.  

6. Өтініш иесінің барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені: 

1) штатында маманның болуы туралы анықтама немесе геология немесе геофизика саласындағы маманмен жасалған қызметтер көрсету шартының көшірмесі; 

2) мердігер ұйыммен жасалған қызметтер көрсету шартының немесе өтініш иесіне барлауға арналған сұралатын лицензия берілген жағдайда осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын, штатында осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған мамандардың бірі бар оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмесі ұсынылады.  

Егер өтініш иесінің кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының немесе осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша тартылатын ұйымның (оператордың) штатында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мамандардың бірінің болуы туралы анықтама немесе тиісті маманмен қызметтер көрсету шартының көшірмесі қоса беріледі.  

7. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалдық куәландыруға тиіс. 

8. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады. 

9. Өтінішті беру кезі құзыретті органға өтініш келіп түскен күнмен және уақытпен айқындалады және ол есепке алынуға жатады.  

10. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның интернет-ресурсында өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде орналастыруға жатады және олар мыналарды: 

1) өтініш иесінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауын; 

2) өтініш иесі пайдалануына беруді сұраған жер қойнауы учаскесін айқындайтын блок (блоктар) кодын; 

3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтуға тиіс. 

Ескерту. 187-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...185 186 187 188 189 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться