< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 241 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
241-бап. Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш

1. Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш құзыретті орган белгілеген нысан бойынша жасалады.  

2. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:  

1) түрлендіру тәсіліне нұсқау;  

2) түрлендірілетін учаскелерді пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер: 

жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, өтініш иесін салық төлеуші ретінде тіркеу туралы мәліметтер;  

заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің толық атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу және салық органдарында тіркеу туралы мәліметтер, басшылары туралы мәліметтер;  

3) лицензияларға және түрлендірілуге жататын жер қойнауы учаскелеріне нұсқау. 

3. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі.  

4. Өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын құжат өтінішке қоса беріледі.  

Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуы тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілде жасалған құжаттардың көшірмелері дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады. 

5. Лицензиялық учаскелерді түрлендіру туралы мәселені құзыретті орган өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мұндай түрлендірудің әрбір жағдайы үшін жеке-жеке қарайды. 

6. Құзыретті органның жер қойнауы учаскелерін түрлендіруден бас тартуы уәжді болуға тиіс және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтініш иесі бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде даулауы мүмкін. 

32-ТАРАУ. ПАЙДАЛЫ ҚАТТЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

Статья 1 ...239 240 241 242 243 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться