< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 97 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
97-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінішті қарау тәртібі

1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.  

2. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады не анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабардар етеді. 

Егер өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушінің осы баптың 3-тармағының 2), 4) 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберілмейтіні белгіленсе, құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жіберуден бас тартады. 

2-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер белгіленген мерзімде берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша оның осы Кодекстің 96-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, құзыретті орган бұл жөнінде өтініш берушіні анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабардар етеді. 

Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жоюға құқылы.  

Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құзыретті органға өтінішті қайта жібереді. Мұндай өтініш осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім өткенге дейін, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. Осы бөлікке сәйкес қайта берілген өтініш бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не жіберуден бас тартады. 

Аукционды өткізу туралы хабархатта көрсетілген аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімінің аяқталуы, егер ол осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілсе, осы тармаққа сәйкес қайта өтініш беруден және оны қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.  

3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда, егер: 

1) өтініш беруші құзыретті орган көрсеткен аукционға қатысуға өтініштің анықталған сәйкессіздіктерін белгіленген мерзімде жоймаса; 

2) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе; 

3) алып тасталды – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) өтініш бергенге дейін құзыретті орган үш жыл ішінде өтініш иесімен немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатса; 

5) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш иесінің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтары жойылмаған болса; 

6) бұрын өтініш иесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қою бонусын төлемеген болса; 

7) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) алып тасталды – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) өтініш иесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқықтары шоғырланған жағдайда, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады. 

4. Осы баптың 3-тармағының 4), 6) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберуден бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырады. 

5. Аукционға қатысуға жіберуден бас тарту, осы баптың 3-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бас тарту себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.  

Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...95 96 97 98 99 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться