Ст. 59 ҚР Орман кодексi 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477
ҚР Орман кодексi
59-бап. Орман қорының мемлекеттiк есебi
1. Орман қорының мемлекеттiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi. Мемлекеттiк орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлiнедi және есепке алынады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер мен мемлекеттiк табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттiк табиғи ескерткiштер солардың құрамында есепке алынады.
Орман қорының мемлекеттiк есебiнiң деректерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзген кезде пайдаланылады.
2. Орман қорын мемлекеттік есепке алудың нысанын уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып бекітеді.
3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.
Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 176, 2010.03.19 № 258-IV, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
60-бап. Мемлекеттiк орман кадастры
1. Мемлекеттiк орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттiк орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.
1-1. Мемлекеттік орман кадастрын уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.
2. Мемлекеттiк орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттiк орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн алып қою, ормандарды пайдаланудың төлемақысы мөлшерiн белгiлеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
3. Мемлекеттiк орман кадастры көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен ормандарды экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей