< ҚР Салық кодексi

Ст. 104 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
104-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару

1. Қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 431, 432және 434-баптарына сәйкес, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бойынша қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару осы Кодекстің 102-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) салық төлеушінің банктік шотына аудару арқылы, ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүргізіледі. 

2. Осы Кодекстiң 429, 431, 432 және 434-баптарына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға жататын асып кету сомасы салық органы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күнге қосылған құн салығы бойынша жеке шоттағы қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасынан аспауға тиiс. 

3. Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасын қайтару салық төлеушінің тұрған жері бойынша, салықтық берешегі болмаған кезде қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасын қайтарудың осы Кодексте көзделген мерзімі ішінде оның банктік шотына жүргізіледі.  

Салық органы салықтық берешек болған кезде, есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті, оның ішінде заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің салықтық берешегін өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.  

Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.  

4. Салық органы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде мерзімін бұза отырып қайтару жүргізілген осындай асып кету сомасына салық органы салық төлеушінің пайдасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін өсімпұлды есепке жазады. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады. 

5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы бюджет сыныптамасының тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару күні салық төлеушінің банктік шотына аударылуға жатады. 

Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...102 103 104 105 106 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться