Ст. 102 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2023
ҚР Салық кодексi
102-бап. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу
1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы: 1) салық төлеушінің өтінішінсіз – осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес;
2) салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша – осы баптың 4-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатады.
2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
1) артық төленген сома түзілген – белгілі бір салық түрі, мыналарды: жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – төлемақы) бойынша орындалу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің есебіне;
2) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;
3) артық төленген сома түзілген – белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;
4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;
5) артық төленген сома түзілген – белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша және салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.
3. Өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
1) артық төленген өсімпұл сомасы түзілген – белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша өсімпұлдың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің есебіне;
2) артық төленген өсімпұл сомасы түзілген – белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша бересіні өтеу есебіне;
3) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;
4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;
5) артық төленген сома түзілген – белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша және салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.
4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша:
1) бюджетке салықтық берешек болмаған кезде осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне;
2) құрылымдық бөлімшесі (құрылымдық бөлімшелері) бар заңды тұлға болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша – осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) салықтық берешегін өтеу есебіне;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша – осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.
5. Электрондық байланыс арналары арқылы жіберілген салық төлеушінің келісімі болған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз, бюджетке салықтық берешек болмаған кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.
Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

город Астана, работаем по Казахстану и СНГ
Комментариев: 15
За последние 30 дней

г. Караганда
За последние 30 дней

За последние 30 дней

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Алматы +77279715251
За последние 30 дней
Новые комментарии на сайте
Гость
27.01.23 14:50:04
Здравствуйте! При расторжении брака в 2004 году оставила Фамилию мужа. Могу ли я сейчас поменять её на девичью? Так как дети выросли и носят другие фамилии.
alexajames
24.01.23 14:56:41
just in case you have forgotten and that is the only way I see to out
Ернур Кайратбекулы
24.01.23 10:11:19
для консультации писать на whatsApp
Асылбек Тлепов 87082207192
23.01.23 14:33:46
Не можете. Смотрите. ПП.9 п 3 ст 16 закона о госслужбе
Гость
23.01.23 12:50:36
Здраствуйте можно ли поступить на госслужбу если имеется статья 68 часть 1
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей