< ҚР Салық кодексi

Ст. 120 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

ҚР Салық кодексi
120-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың, айыппұлдың артық төленген сомасы туралы ұғым

1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасы – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген және есептелген, есепке жазылған сомалар, сондай-ақ есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне басқа салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды төлеу есебіне есепке жатқызылған және салық төлеушіге қайтарылған сомалар арасындағы оң айырма. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша артық төленген сомаларды айқындау кезінде қолданылмайды. 

2. Қосылған құн салығының артық төленген сомасы – салықтық кезең үшін қосылған құн салығының бюджетке төленген (түскен) және есептелген, есепке жазылған сомалары, сондай-ақ алдыңғы салықтық кезеңдер үшін қосылған құн салығы бойынша есеп айырысуларды ескере отырып, басқа салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды төлеу есебіне есепке жатқызылған және салық төлеушіге қайтарылған сомалар арасындағы оң айырма. 

3. Осы тармақта санамаланған салықтардың немесе бюджетке төленетін төлемдердің артық төленген сомалары деп мыналар танылады: 

1) жүзеге асыру үшін төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді салық төлеушінің жасамауы (оның ішінде, тиісті құжаттарды бергенге дейін оның әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіштерде растаған кезде төленген:  

тіркеу алымы; 

жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялар бергені үшін алым; 

радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым; 

АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым; 

мемлекеттік баж; 

орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы; 

2) АХҚО инвестициялық резиденті болып табылатын шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға резиденттігін растайтын құжатты беруден бас тартқан кезде – көрсетілген құжатты бергені үшін төленген алым сомасы; 

3) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған және бұрын алынған осындай маркаларды қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған кезде – осындай тауарлар үшін акциздердің төленген сомасы; 

4) аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген өткізу қағидаларының бұзылуына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион жарамсыз деп танылған кезде – қол қою бонусының төленген сомасы; 

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерін қолданатын бейрезидент-салық төлеушіге қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы – табыс салығының төленген немесе аударылған сомасы. 

4. Қайтару мақсаттары үшін артық төленген сома деп мыналар танылады: 

1) айыппұлдың күші жойылған немесе айыппұл мөлшері азайтылған кезде – салық салу, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасы; 

2) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұл төлеген кезде – айыппұлдың артық төленген сомасы; 

3) билік ету шектелген (кепілге қойылған) мүлікті өткізу жөніндегі функциялар берілген ұйым өткізген электрондық аукцион қорытындыларының күші заңды күшіне енген сот актісі бойынша жойылған кезде – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген сомасы; 

4) мемлекеттік баждың: 

іс тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған кезде: 

бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда – толық көлемде; 

кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде төленген сомасы; 

5) мемлекеттік баждың: 

істі төрелікке берген; 

талап қоюды немесе өзге де арызды (шағымды) қайтарған немесе оны қабылдаудан бас тартқан, сондай-ақ нотариустар немесе оған уәкілетті адамдар нотариаттық әрекеттерді жасаудан бас тартқан; 

егер іс сотта қаралуға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы дауды алдын ала шешудің осы санаттағы істер үшін белгіленген тәртібін сақтамаса не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам берген болса, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған немесе талап қою қараусыз қалдырылған; 

мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттерді жасайтын органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан;  

сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым қайтарылған; 

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар басталған кезде толық көлемде төленген сомасы; 

6) талап қоюшы сотқа талап қою және өзге де арыздар (шағымдар) беру кезінде өз талаптарын азайтқан жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баж төлеу есебіне осы Кодекс бойынша талап етілгеннен көп мөлшердегі соманы енгізген кезде мемлекеттік баждың артық төленген сомасы.
Статья 1 ...118 119 120 121 122 ...848
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует



Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.



Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.



Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?



Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться