Ст. 437 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
437-бап. Тыныштықты бұзу
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы - жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 437-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Жана Туган наресте была берсе коршимен крыла от полиции шакырам дит шакырса касакана емес екенин тусндрсем штраф салмайма егер келиспесем?
Сәлеметсіз бе? Мен екі бала мен үйде қалдым мамасы ауруханаға түсіп операция жасау керек болды екі бала шулап кетті сосын көршім шағымданған болатын 437 бапта неге есіерту жайлы айтылмаған әр заңда алғашқы заң бұзған адамға ескерту берілу керек еді мен заң туралы қауіпсіздік қызыметкерінен білдім ескерту жоқ деп айтты 01:00 де келді білем дұрыс болмағанын бірақ халыққа ескерту берілу керек еді жалпы барма ескерту мен төмендегі көршіге естілгенін білмедім 8625тг төледім жауап күтем жауап берсеңіз жақсы болар еді ескерту барма өтініш айтасызба ақшадан қысылып қалған едім барлық халықтың жағдай бола бермидіғой
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей