< ҚР Салық кодексi

Ст. 242 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
242-бап. Жалпы ережелер

1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын кірісті айқындау кезiнде осы Кодекстің осы бабында және 243 – 263-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, шегерімге жатады. 

Осы тармақтың ережелері салық төлеушінің Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тыс жерлерде де шеккен шығыстарына қолданылады. 

Салық төлеушінің тіркелген активтерді салуға, сатып алуға арналған шығындары және күрделі сипаттағы басқа да шығындары осы Кодекстің 265 – 276-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады. 

2. Салық төлеушінің шет мемлекетте қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты шығыстары осы Кодекске сәйкес шегерімге жатады.  

Резидент-заңды тұлғаның шет мемлекеттегі тұрақты мекемесінің салық салынатын кірісін айқындау кезінде осындай шет мемлекеттің салық заңнамасының немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес осындай салық салынатын кірісті алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тыс жерлерде де шегілген басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды шегеруге жол беріледі.  

Басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстардың сомасы өзінің көздерінен резидент-заңды тұлға кіріс алған шет мемлекетте осындай шет мемлекеттің салық заңнамасында айқындалған тәртіппен шегерілуге жатады.  

Егер өзінің көздерінен резидент-заңды тұлға кіріс алған шет мемлекеттің салық заңнамасында немесе халықаралық шартта басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды шегеруге жол берілген, бірақ бұл ретте шет мемлекеттің салық заңнамасында мұндай шығыстарды шегерімге жатқызу тәртібі көзделмеген жағдайда, резидент-салық төлеуші көрсетілген шет мемлекетте басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды осы Кодекстің 662 – 665-баптарында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызады. 

3. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің кіріс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде іс жүзінде жүргізілген осындай шығыстар бойынша жүргiзедi.  

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақ кезеңдердің шығыстары өздері жататын салықтық кезеңде шегерiмге жатады. 

3-1. Осы Кодекстің 412-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардан құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және азаматтық-құқықтық мәміле жасау күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын осындай мәміле бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде оларға байланысты шығыстар бойынша шегерімдер осы баптың 3-тармағының ережелері сақталған және электрондық нысандағы шот-фактура немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылған чегі болған жағдайда жүргізіледі, бұл ретте бұған: 

осы Кодекстің 412-бабы 13-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайлар; 

бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстар; 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар; 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар кірмейді. 

Осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, шегерімдер қағаз жеткізгіштегі шот-фактура болған кезде жүргізіледі. 

Осы бөлімнің мақсаттары үшін шот-фактураны жазып беру күні шығыстарды тану күніне әсер етпейді. 

3-2. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде оларға байланысты шығыстар бойынша шегерімдер осы баптың 3-тармағының ережелері сақталған және электрондық нысандағы шот-фактура немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылған арнаулы мобильді қосымшаның чегі болған жағдайда жүргізіледі. 

4. Егер осы Кодекстің осы бабында және 243 – 263-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттары үшін шығыстарды тану күнін қоса алғанда, шығыстарды тану халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Шығыстарды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану тәртібі шегерімдерді осы Кодекске сәйкес айқындау тәртібінен ерекшеленген жағдайда, көрсетілген шығыстар осы Кодексте айқындалған тәртіппен салық салу мақсаттары үшін есепке алынады. 

5. Егер осы Кодекстің 192-бабының 4-тармағында өзгеше көзделмесе, төленуге жататын (төленген) шығындардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде активтер және (немесе) міндеттемелер құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есепке алуда туындайтын шығындар салық салу мақсаттарында шығындар ретінде қаралмайды.  

6. Егер шығыстардың сол бір түрлері шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын кірістің есеп-қисабында бiр рет шегерiледi. 

7. Салық төлеуші осы Кодекстің 287-бабына сәйкес шегерімдерді түзетуді жүзеге асырады. Бұл ретте осы түзетулер ескерілген шегерімдер сомасы теріс мәнге ие болуы мүмкін.  

Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...240 241 242 243 244 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться