< ҚР Салық кодексi

Ст. 434 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Салық кодексi
434-бап. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі

1. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруды салықтық тексеру жүргізбей жүзеге асыруды білдіреді. 

2. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияларды ұсынған және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну күніне салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ мынадай: 

1) кемінде қатарынан он екі ай салықтық мониторингте тұрған қосылған құн салығын төлеушілердің; 

2) тізбесін уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін өз өндірісінің тауарларын өндірушілердің; 

3) салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде шикізатты экспорттаушылардың қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар. 

Шикізатты экспорттаушылардың осы тармақшада көзделген тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Салық органдарына валюталық түсімді айырбастау туралы қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша жүзеге асырады.  

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытынды жасалған күнгі жағдай бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы тиісті сұрау салу жібереді. 

Осы тармақшада көзделген талаптарға сәйкес келетін салықтық мониторингке жататын, салық төлеушіні бөлу, бөліп шығару, қайта құру арқылы қайта ұйымдастырған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылған тұлғаның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) өтеді. 

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған салық төлеушілерді біріктіру немесе қосу арқылы қайта ұйымдастырған кезде, егер біріктіру немесе қосу арқылы қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін осы тармақта көзделген талаптарға сәйкес келген салық төлеушілер болып табылса, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтеді. 

Салық мониторингіне жататын салық төлеуші заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес біріктіру немесе қосу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтеді. 

Мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде: 

біріктіру және (немесе) қосу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі салық мониторингіне жататын салық төлеуші болып табылса және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе; 

біріктіру және (немесе) қосу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күніне ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, осы тармақтың төртінші бөлігінің ережелері қолданылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған салық төлеушілерді біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде мұндай салық төлеушілер осы Кодекстің 152-бабында белгіленген тәртіппен салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқылы. Бұл ретте қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезең тексерілетін кезеңге қосылады. 

Осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесінің немесе көлденең мониторинг туралы келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады. 

Бұл ретте:  

ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер үшін – есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

көлденең мониторингте тұратын салық төлеушілер үшін – есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 90 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

мыналарға: 

осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін, өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін – есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

осы Кодекстің 429-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін, өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығы сомасының бір бөлігінің 50 пайызынан аспайтын, бірақ есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін, салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде шикізатты экспорттаушылар үшін – есепті салықтық кезең үшін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады. 

3. Қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 

Осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі. 

Ескерту. 434-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...432 433 434 435 436 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться