Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 433 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.02.2021


ҚР Салық кодексi
433-бап. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері

1. Осы бап қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының бақылау шотын (бұдан әрі – бақылау шоты) пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ерекшеліктерін белгілейді.  

Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған, қосылған құн салығының сомаларын есептеу кезінде, оның ішінде:  

импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, қосылған құн салығын бюджетке төлеу; 

тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу; 

тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуі; 

қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу; 

бенефициардың жабық банктік шотына төлем қате жасалған не ақша қате аударылған жағдайларда, бақылау шотынан бастамашылық жасалған төлемді қайтаруға байланысты ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланылатын ағымдағы шот осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты болып табылады. 

Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің құрылымдық бөлімшесі бақылау шотын ашуға және пайдалануға құқылы.  

2. Қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу қосылған құн салығын төлеушілер арасында бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізіледі.  

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің қатысушылары болып табылатын қосылған құн салығын төлеушілердің (олардың құрылымдық бөлімшелерінің) бақылау шотын пайдалануға құқығы бар. 

Егер тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу оның банктік шотынан тауарды берушінің бақылау шоты болып табылмайтын өзге банктік шотына жүргізіледі. Бұл ретте бақылау шотын пайдаланатын тауарды беруші қосылған құн салығының мұндай сомасын өзінің бақылау шотына есепке жатқызуға құқылы.  

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға: 

1) сатып алынған (алынған) тауарларды (лизинг нысаналарын) басқа тауарларды өндіруде пайдаланатын салық төлеушілер құқылы. Сатып алынған (алынған) тауарлардың (лизинг нысандарының) тізбесін уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді. 

Осы тармақшада көрсетілген сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары) сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізілуге жатпайды; 

2) тауарларды экспортқа өткізетін; 

3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларға әуе кемелеріне құю үшін жанар-жағар май материалдарын өткізетін; 

4) салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін; 

5) арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізетін салық төлеушілер құқылы.  

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сатып алынған (алынған), өткізілуі кезінде қосылған құн салығының сомаларын есептеу бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізілген тауарлар бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасы бөлігінде жүргізіледі.  

5. Осы бапқа сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау салық органдарының ақпараттық жүйелерінде бар деректердің негізінде жүргізіледі. 

Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығы расталмаған жағдайда: 

осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруға құқығы жоқ екендігі туралы хат жіберіледі; 

осы баптың 3-тармағының 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілерге олардың осы Кодекстің 429, 431 және 432-баптарында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хат жіберіледі.  

6. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талаптың негізінде, салықтық тексеру жүргізілместен он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 

Бұл ретте қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.  

7. Егер бақылау шотын пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелерді орындағаннан және салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша тауарларды берушілермен және (немесе) сатып алушылармен есеп айырысқаннан кейін бақылау шотында ақша қалдығы болса, онда көрсетілген қосылған құн салығының сомалары салық төлеушінің қалауы бойынша бюджетке аударылады және осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.  

Осы тармақтың ережесі, қайта құрылу арқылы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, бақылау шотын пайдаланатын салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда да қолданылады.  

8. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

9. Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, бюджеттен өтелген қосылған құн салығының асып кету сомасы осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әрбір күн үшін өсімпұл есептей отырып, бюджетке төленуге жатады. 

Ескерту. 433-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
Статья 1 ...431 432 433 434 435 ...776

Перейти к статье

Лучшие юристы

Елена
Арман
Жаданов Назар
Мадияр
Моисеев Виктор

Все юристы

Новые комментарии на сайте

Здравствуйте,работаю на железной дороге машинистом, по месту жительства.Работаю без замечаний на графике. Сейчас непосредственный начальник хочет меня перевести на другие станции и вызовную систему работы. Причина в том что я ему не нравлюсь по его словам. Получается у него личная неприязнь. Это превышает должностные полномочия????


Добрый день! Работодатель имеет право на взыскание за допущенную и документально подтверждённую халатность в письменном виде и приказом на основании этих данных перевести на др.рабочее место.


Добрый день Айгуль! Срок давности три года однако нарушение права безсрочно.Включая Вы можете подать по вновь открывшимся обстоятельствам заявление dв выше стоящую инстанцию.


Добрый день! Если у Вас приостановлена деятельность ТОО,Вы в любом случае сдаёте отчёт в Статистику в связи с этим могут выставить уведомление Налоговый Орган.

Без оплаты Прошу задавать вопросы на данном сайтеhttps://kodeksy-kz.com/user/950.htm !

КОНСУЛЬТАЦИЯ- БЕЗ ОПЛАТЫ ТОЛЬКО ИНВАЛИДАМ 1,2 ГР.,УЧАСТНИКАМ ВОВ, МНОГОДЕТНЫМ МАТЕРЯМ с предоставлением на ватсап документов.

услуги ЮРИСТА представительство в суде, бракоразводные процессы,график общения детей с родителями,раздел имущества супругов, родственников, ведение наследственных дел,залив квартиры,защита прав ТОО по договору, Установление единовременной выплаты по алиментам в случае выезда на пмж, алиментные обязательства, соглашение об урегулировании спора в (судебном) внесудебном порядке. Установление отцовства, усыновление.

Определение доли в имуществе,раздел общего совместного имущества,

СУДЕБНЫЙ ИСПОЛНИТЕЛЬ, взыскание долгов,возмещение ущерба,вселение и выселение в частную собственностьЗ

ЗЕМЕЛЬНЫЕ СПОРЫ: оформление земельных участков, архитектурные проекты, заключение рабочего проекта, заключение строительной экспертизы, технических условий, услуги ЗАГСа,регистрации,справки. Сопровождение в приватизации жилья, Споры по заливу квартиры .УГОЛОВНЫЕ ДЕЛА: Защита прав потерпевших в уголовном , административном деле.

Вопросы модете задать без оплаты получить ответ на сайте :https://kodeksy-kz.com/user/950.htm Подробнее: https://kodeksy-kz.com/user/950.htm

Подробнее:https://kodeksy-kz.com/user/950.htm


Здравствуйте! Подскажите пожалуйста. Пришло уведомительное письмо по ст 137. Не пойму в чём нарушение. ТОО существует, но приостановлено с 2009 года. Что они хотят?


Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться