< ҚР Салық кодексi

Ст. 458 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
458-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу

1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш салық органдарынан салық төлеушінің дербес кері қайтарып алуына, сондай-ақ салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына салық төлеуші ұсынған салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш негізінде кері қайтарып алуға жатады. 

2. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер етпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда дербес жүргізеді. 

3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші мынадай: 

1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қате ұсынылған; 

2) салық органы тауар импортының болмау фактісін анықтаған; 

3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, оның ішінде осы Кодекстің 459-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, салық органына салықтық өтініш беру арқылы жүргізеді. 

4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен жүргізіледі: 

1) салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан өшіріп тастау, ол қате ұсынылған немесе тиісті сапада және (немесе) жиынтықта болмауы себебінен, сондай-ақ салық органы тауар импортының болмау фактісін анықтаған кезде толық көлемде қайтарылған импортталған тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша қолданылады. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, егер осындай өтінішті ұсыну жөніндегі міндет осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате ұсынылған деп есептеледі; 

2) ауыстыру, ол кезде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті ұсына отырып, бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүргізеді; 

3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі емес салық органына жіберілген жағдайда өзгерту. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ауыстыру немесе өзгерту әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебіне қойылған жеріндегі салық органы салық төлеушінің жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша деректерді жеке шотта кейіннен көрсетіп, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы кері қайтарып алынатын өтініште көрсетілген сомаларға түзетпе жасауды жүзеге асырады. 

5. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке: 

1) тексерiлетiн салық кезеңi – қосылған құн салығы және салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген акциздер бойынша кешендi тексерулер мен тақырыптық тексерулер жүргiзу кезеңiнде; 

2) шағым жасалатын салық кезеңi – қосылған құн салығы және салық төлеушінің шағымында көрсетілген акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берiлмейдi. 

6. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 458-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...456 457 458 459 460 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться