Ст. 459 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
459-бап. Тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомаларын түзету тәртібі
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарларды әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілмейді.
2. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарылған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер кері қайтарып алынған өтініштің орнына ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілуге тиіс.
3. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жиынтықта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарылған кезде осындай тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш осы Кодекстің 458-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өшіріп тастау әдісімен кері қайтарып алынады.
4. Осы баптың мақсаттарында мыналар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар болып табылады:
1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен қайтарылуға жататын импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;
2) тауарды қабылдап алу-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);
3) көліктік (тауарға ілеспе) құжаттар (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);
4) жою актілері (тауарлар жойылған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері қағаз жеткізгіште салық органына осы Кодекстің 456-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде ұсынылады.
5. Мыналарға қосылған құн салығы салынбайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде салық төлеуші шеккен тауарлардың шығыны;
2) тауарлардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан туындаған бүлінуі.
Осы баптың мақсаттары үшін салдарынан тауар жойылған немесе жоғалған оқиға тауар шығыны деп түсініледі. Тауардың бүлінуі тауардың бүкіл немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның салдарынан осы тауарды салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдалану мүмкін емес.
Ескерту. 459-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
51-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей