< ҚР Салық кодексi

Ст. 463 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
463-бап. Акциздердің мөлшерлемелері

1. Акциздердің мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада белгiленедi. 

1-1. Өздеріне қатысты аралас (қатты (өзіндік ерекше) және адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемелерден тұратын) салықтық мөлшерлемелер белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы қатты (өзіндік ерекше) салықтық мөлшерлеме мен заттай түрде өткізілген (берілген, әкелінетін) акцизделетін тауарлар көлемінің көбейтіндісі ретінде есептелген акциз сомаларын қосу нәтижесінде алынған сома және осындай тауарлардың ең жоғары бөлшек саудадағы бағасының адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемеге сәйкес келетін пайыздық үлесі ретінде есептеледі. 

2. Алкоголь өнiмiне акциздердің мөлшерлемелері осы баптың 1-тармағына сәйкес не оның құрамындағы сусыз (жүз пайыздық) спирттің көлемдiк үлесіне қарай бекiтiледi. 

3. Спирттің барлық түрiне және толысылған шарапқа акциз мөлшерлемелері спиртті және толысылған шарапты одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сараланады. 

4. Акциз сомаларын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаның кестесіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 1) – 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға: 

Р/с №  ЕАЭО
СЭҚ
ТН коды 
Акцизделетін тауарлардың түрлері  Акциздердің мөлшерлеме-лері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) 
1.  2207-ден  80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған))  600 теңге/литр 
2.  2207-ден  Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)  1,0 теңге/литр 
3.  2208-ден  Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан аз спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын және белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссіз емес, боялған) этил спиртінен (этанолдан) басқа  2550 теңге/литр 100% спирт 
3-1.  2208-ден  Емдік және фармацевтикалық препараттар үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спирті  600 теңге/литр 100% спирт 
4.  2207-ден  Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті  0 теңге/литр 
5.  2208-ден  Денатуратталмаған этил спирті, алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер  75 теңге/литр 100% спирт 
6.  3003, 3004-ден  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім  500 теңге/литр 100% спирт 
7.  2205, 2206 00 және 2208-ден   Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, толысылған шараптан, сыра қайнату өнімінен басқа)  2550 теңге/литр
 
100 % спирт 
8.  2208-ден  Коньяк, бренди  1000 теңге/литр 100% спирт 
9.  2204-тен   Шараптар  35 теңге/литр 
10.  2204-тен  Толысылған шарап (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)  170 теңге/литр 
11.  2204-тен  Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын толысылған шарап  0 теңге/литр 
12  2203 00  Сыра қайнату өнімі  79 теңге/литр 
13.  2202 90 100 1  Этил спиртінің көлемдік құрамы 0,5 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнімі  0 теңге/литр 
14.  2402-ден  Фильтрлі сигареттер  15 900 теңге/
1 000 дана 
15.  2402-ден  Фильтрсіз сигареттер, папиростар  15 900 теңге/
1 000 дана 
16.  2402-ден  Сигариллалар  15 900 теңге/
1 000 дана 
17.  2402-ден  Сигаралар  750 теңге/дана 
18.  2403-тен  Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі  14 150 теңге/ килограмм 
19.  2709 00-ден  Шикі мұнай, газ конденсаты  0 теңге/тонна 
20.  8702-ден  Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары  100 теңге/текше см 
8703-тен  Қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) 
8704-тен  Қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) 
21.  2403, 2404-тен  Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)  11 130 теңге/
1 000 дана 
22.  2404-тен  Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық  55 теңге/сұйықтық миллилитрі 

 

2) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Ескертпе.  

Тауар номенклатурасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады. 

Ескерту. 463-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

52-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

Статья 1 ...461 462 463 464 465 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться