Ст. 465 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
465-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп-жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелеріне тиеп-жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (қайта өңдеушіге) беру күні операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасалған күн болып табылады. Тапсырыс берушіге меншік құқығында немесе қабылдап алу-беру актілерімен расталған өзге заңды негіздерде тиесілі мұнайды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не құбыржол бойымен өнім берушінің резервуарына немесе құю станциясына айдау арқылы заттай түрдегі акцизделетін тауарларды іс жүзінде тиеп-жөнелту дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспайды.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес қайта өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылған жағдайда қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде орындау ұсынылады.
4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждары және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде көрсетілген тауарларды осындай пайдалануға беру күні операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарлар өндіріс мекенжайынан орын ауыстырған кезде акцизделетін тауарлардың лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан орын ауыстыру күні операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетін тауарлар, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды есептен шығару туралы акт, сәйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
7. Акцизделетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарлар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алынған күн осындай тауарлар есепке қабылданған күн болып табылады.
Ескерту. 465-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі Заңдарымен.
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 457-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі ҚР Салық кодексi 688-бап. Оңайлатылған декларацияны тапсыру мен салықтарды төлеу мерзімдері ҚР Салық кодексi 626-бап. Алу объектілері ҚР Салық кодексi 248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерімРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей