Ст. 507 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
507-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер
1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 505-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады. 2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 510-бабының 1-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, көрсетілген жерге салықтық мөлшерлемелерді жалпы азайту базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, әуеайлақтар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 506-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Әуеайлақтар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекен шегiнде орналасқан, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалған және жабдықталған жер учаскесi әуеайлақ деп түсініледі.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей