< ҚР Салық кодексi

Ст. 588 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
588-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін төлемақыны қоспағанда, рұқсат құжатында көрсетіледі. 

1-1. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары есептейді. 

2. Төлемақы мөлшері: 

сүректі түбірімен босатқан кезде – осы Кодекстің 587-бабында белгіленген коэффициенттер ескеріле отырып, орман пайдалану көлемі және төлемақы мөлшерлемелері негізге алына отырып; 

төлемақы мөлшері осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын орманды пайдалануды қоспағанда, орман пайдаланудың өзге де түрлері кезінде – орман пайдаланудың көлемі және (немесе) алаңы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін орман пайдаланудың өзге де түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелері негізге алына отырып айқындалады. 

3. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде: 

1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде – орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде; 

2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде – рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе алған күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;  

3) түбірімен босатылатын сүрек үшін – жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде; 

4) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қойғаны үшін – әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде белгіленетін мерзімдерде төленеді.  

3-1. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы бюджетке пайдалану объектісінің орналасқан жері бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмейтін мерзімде жылдық төлемақы сомасынан тең үлестермен төленеді. 

4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмесе, мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеуді жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді. 

5. Кезекті мерзімге кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ алдыңғы жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 587-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. 

6. Төлемақы сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассаларына қолма-қол ақшалай енгізу жолымен жүргізіледі. 

Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, бюджетке есепке жатқызу үшін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады. 

7. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады. 

Ескерту. 588-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-параграф. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

Статья 1 ...586 587 588 589 590 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться