Ст. 670 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
670-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісін салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылса және осындай халықаралық шартта бейрезиденттің таза кірісіне салық салудың осы Кодекстің 652-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, оның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісіне халықаралық шартта көзделген төмендетілген салықтық мөлшерлемені қолдануға құқығы бар. Төмендетілген салықтық мөлшерлеме бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру күніне оның резиденттігін растайтын құжат болған кезде қолданылады.
Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырған кезде тұрақты мекеме тұрған жердегі салық органына тапсырады.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырған күнге бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат болмаған кезде бейрезидент халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.
Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бюджетке есептелген және төленген жағдайда бейрезидент осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, салық органына корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша декларация мен бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
Ескерту. 670-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей