< Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Ст. 48-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
48-1-бап. Банкті лицензиядан айырудың салдарлары

1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айрылған банктің банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.  

Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап: 

1) мыналарға:  

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға; 

банктің пайдасына келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға; 

банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына келіп түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша келіп түскен және түсетін ақшаны қайтаруға; 

клиенттің банк алдында берешегі болмаған немесе клиент банк алдындағы берешегін өтеген жағдайда, клиенттердің банкті лицензиядан айырғаннан кейін өздерінің банктік шоттарына келіп түсетін ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға; 

осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады; 

2) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банк органдарының банк мүлкіне билік етуге құқығы болмайды; 

3) банктің басшы, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі; 

4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін; 

5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді; 

6) банктің лауазымды адамдарына және ірі қатысушыларына өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады; 

7) банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады; 

8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды; 

9) клирингтік қатысушы болып табылатын банктің сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалану есебінен орындайды. 

1-1. Банкті барлық банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиядан айырғаннан кейiн уәкiлеттi орган банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкімшісін) тағайындайды. 

Банктің бұрын әрекет еткен органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.  

1-2. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банкті лицензиядан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдауға және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.  

Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуіне келісім береді немесе оны жүргізуден бас тартады.  

Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.  

Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдамаған немесе уәкілетті орган осы операцияны жүргізуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.  

1-3. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банк немесе ол уәкілеттік берген тұлға лицензиядан айыру күніне дейін үш жыл ішінде жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңның 61-13-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.  

Осы Заңның 61-13-бабының 3-тармағында көзделген, мәмілелерді жарамсыз деп тану салдарлары барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банкке қолданылады. 

2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау тәртібі, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) өкілеттігі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) есептілікті және өзге де ақпаратты уәкілетті органға ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады. 

3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады. 

Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 

Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктердің (уақытша әкiмшілердің) орындауы міндетті, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын беру туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.  

Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі. 

Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 

4. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі уәкілетті органға бекіту үшін беріледі. 

5. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісi) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктiң тарату комиссиясының төрағасына бередi. 

6. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-беру төрт данадан тұратын актiмен ресiмделедi, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі - банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі. 

7. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметi кезеңiнде: 

осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға; 

тараптардың келісімі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, банк бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес. 

8. Банктiң уақытша әкiмшілігінің (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы қабылдаған шешiмi жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау жөнiндегi шығыстарды және Корпорацияның мәжбүрлеп тарату бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттiк тiркеуге және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыруға байланысты шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және олардың қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады. 

Ескерту. 48-1-баппен толықтырылды - ҚР 1997.07.11 № 154, жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...47‑2 48 48‑1 49 50 ...78
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться