Ст. 19 Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178
Қазақстанның Даму Банкi туралы
19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
1. Даму Банкiнiң есеп саясатын Даму Банкiнiң директорлар кеңесi бекiтедi. 2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.06 № 571, 2005.12.23 № 108, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Есептiлiк
Даму Банкi:
1) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
3) ай сайын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептілікті табыс етеді.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 № 434, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Даму Банкiнiң аудитi
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейтiн тәртiппен таңдап алынған аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Даму Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекiтiледi.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 № 434, 2006.05.05 № 139, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей