< Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы

Ст. 1 Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;

2) жол - мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;

3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;

4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi – жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;

5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету – жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;

6) жол жүрiсiне қатысушы – жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам;

7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темiр жол өткелдерiндегi реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;

8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жолдардағы жүрiстi басқару жөнiндегi ұйымдық-техникалық iс-шаралар мен өкiммен жүргiзiлетiн iс-қимылдар кешенi;

9) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;

10) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган – автомобиль көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

10-1) көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi – көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иелерi, көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi мiндеттi түрде қамтылған көлiк құралдары және олардың тiркемелерi туралы, сондай-ақ көлiк құралдарын тiркеу туралы берiлген куәлiктер, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi туралы мәлiметтердi орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ақпараттық жүйе;

11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;

11-1) көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi – көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралын сәйкестендiрудi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, көлiк құралын шығарушы берген, тiзбектелген әрiптiк-цифрлық белгiлер түрiнде көрсетiлген көлiк құралының жеке сериялық нөмiрi;

12) қызмет өңiрi – тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн бөлу принципi бойынша көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған аумақ

 13) мемлекеттiк техникалық байқау – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн диагностикалаудың мерзiмдi процесi; (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)

14) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иелерi, механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi, мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң нәтижелерi, берiлген мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәлiметтердi қамтитын электрондық деректер базасы;

15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады;

16) мiндеттi техникалық байқау – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн диагностикалаудың мерзiмдi процесi;

17) мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк – қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылатын және мiндеттi техникалық байқаудан өту фактiсiн растайтын, оның нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi белгiленген құжат;

18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы – механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi параметрлерiнiң тiзбесi бар, иесi мен механикалық көлiк құралы және оның тiркемелерi туралы және мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын құжат;

19) техникалық байқаудың стационарлық желiсi – мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн көлiк құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;

20) техникалық байқаудың ұтқыр желiсi – көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлiк құралынан тұратын жылжымалы кешен;

20-1) техникалық байқау операторы – мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзiлген дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;

21) техникалық байқау орталығы – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiн диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшiн стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желiсi бар кешен;

22) техникалық байқау операторларының тiзiлiмi – техникалық байқау операторларының бiрыңғай тiзбесi, оны жүргiзудi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады;

23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;

24) халықаралық техникалық байқау сертификаты – қатаң есептiлiктегi бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқаудан өту фактiсiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 08.01.2013 N 64-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...28
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться