< Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы

Ст. 19 Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
19-бап. Механикалық көлiк құралдарын және олардың  тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу

 1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылып жүрген және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi атқарушы орталық органда тiркелген механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлуге жатады.

Мiндеттi техникалық байқау механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.

 2. Көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұратын жерiне қарамастан, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзген техникалық байқау операторлары мiндеттi техникалық байқауды жүргiзедi.

Техникалық байқау операторлары жария шарт негiзiнде қызметтер көрсетедi.

 3. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқаруға жол берiлмейдi.

Техникалық байқау операторының аумағында механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн жөндеу және оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жол берiлмейдi.

4. Техникалық байқау операторы:

1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асырады;

2) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзудi қамтамасыз етедi;

3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң кестесi туралы халықты хабардар етедi;

4) аудандардың әкiмшiлiк орталықтарында, ауылдық округтерде және аудандық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асырады.

Қызмет өңiрiн айқындау тәртiбiн көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

5. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу екi кезеңдi: дайындық және негiзгi кезеңдердi қамтиды.

Мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң дайындық кезеңi барысында көлiк құралын сәйкестендiру және оны сәйкестендiру нәтижелерiнiң тiркеу және өзге де құжаттардағы деректерге сәйкестiгiне тексеру жүргiзiледi.

Мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң негiзгi кезеңi барысында көлiк құралының техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiнде жұмыстар (тексеру) орындалады.

6. Мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң иесi техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;

3) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Техникалық байқау операторы ұсынылған құжаттарды механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

7. Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқаудың диагностикалық картасы жасалады, оның негiзiнде қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк берiледi.

8. Егер мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн пайдалануға тыйым салатын ақаулықтар және жағдайлар анықталған болса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлмеген деп танылады.

Бұл жағдайда механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiне ақаулықтар көрсетiле отырып, механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң диагностикалық картасы берiледi.

9. Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайлар жойылғаннан кейiн механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi оны қайтадан мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн ұсынады.

Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн қайтадан байқаудан өткiзу бiрiншi мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi.

Бiрiншi мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген орталықта механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн қайтадан техникалық байқаудан өткiзу кезiнде техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай болмаған және диагностикалық картада көрсетiлген позициялар ғана бойынша жүргiзiледi. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексеру үшiн ғана алынады.

Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кезiнде ақаулықтар анықталғаннан кейiн механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауға қайтадан әкелудiң ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.

10. Механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар орындалатын жердi және орындаушыны дербес айқындайды.

 Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (ҚР 2011.01.24 N 399-IV Заңының 2-бабын қараңыз) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  
Статья 1 ...18 18‑1 19 19‑1 19‑2 ...28
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться