Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
негiзгi бағыттары
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;
- жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
- автомобиль, қалалық жерүстi рельстiк көлiкте және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi реттеу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекiту;
- жол жүрiсiн ұйымдастыру;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету;
- көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;
- көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау. Ескерту. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi), 2006.12.29. N 209 , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей