< Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы

Ст. 14 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
14-бап. Химиялық өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген химиялық өнімнің қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптар өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) орындауы үшін міндетті болып табылады.

2. Химиялық өнімнің қауіпсіздігі:

1) өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы;

2) химиялық өнімнің өмірлік циклі процестерінің Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізу;

3) химиялық өнімнің Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау;

4) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына, соның ішінде мынадай көрсеткіштер бойынша:

1) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға анық зиян келтіретін белгілері бар;

2) осы Заңның 5-бабының 4-тармағында көрсетілген химиялық заттардың радиологиялық көрсеткіштері мен санаттары бойынша қойылатын талаптарға сай келмейтін;

3) оның қауіпсіздігін куәландыратын және шығу тегін растайтын құжаттары жоқ;

4) Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында көзделген мәліметтер қамтылған таңбаланымы жоқ;

5) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес химиялық өнім өмірлік цикл процестеріне жіберілмейді.

4. Әзірленетін, жасалатын және айналысқа шығарылатын химиялық өнім химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуға тиіс.

 Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...25
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться