< Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы

Ст. 12 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
12-бап. Орталық мемлекеттiк органдардың табиғи және  техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар  саласындағы құзыретi

Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:

- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды ұйымдастырады;

- төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi немесе келiседi, мемлекеттiк есеп жүргiзедi және оның деректерiн уәкiлеттi органға табыс етедi;

- техникалық регламенттер әзiрлейдi және оларды әзiрлеуге қатысады;

- төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар құрады және олардың жұмысын қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

- өз қарамағындағы жағдайды қадағалайтын, бақылайтын және төтенше жағдайларды болжайтын қызметтерге басшылық етедi;

- салалық мемлекеттiк сараптама жүргiзедi, төтенше жағдайлар саласында ғылыми зерттеулер, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету iсiн ұйымдастырады;

- салалық мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, өз мiндеттерiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға, ұйымдар мен азаматтарға нұсқамалар бередi, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тексеруге қатысады, лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды белгiленген тәртiппен жауапқа тартады;

- төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;

- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...39
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться