Ст. 7 Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV
Газ және газбен жабдықтау туралы
7-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Алып тасталды – ҚР 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:
1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
2) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;
2-1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын келіседі;
1-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
1-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;
1-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағына сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді;
1-3) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құрады;
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
3) уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
4) уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
5) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасында газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу көзделген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен резервке қояды;
6) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерін береді;
6-1) елді мекен шекараларының шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6-2) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітеді;
6-3) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Лучшие юристы
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.
С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?
Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.
Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.
Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.
Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?
Заранее спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей